+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Итоги ІІІ республиканского интеллектуального конкурса юных историков «Моя малая родина»
06 Ноя, 17:36

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Шығыс Қазақстан облысының командасы 2020 жылдың 3-5 қарашасы аралығында өткізілген «Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың республикалық зияткерлік конкурсына қатысты.

Конкурстың мақсаты – талантты оқушыларды анықтау, өз туған жер тарихына деген қызығушылықты арттыру, шығармашылық қабілеттері мен қоғамдық белсенділіктерін қалыптастыру, жас ұрпақтың патриоттық және азаматтық сезімін дамыту, сонымен қатар өлкетану мен Қазақстан тарихынан білімдерін дамыту, ұлттық өзін-өзі анықтау және туған жері үшін мақтанышын жетілдіру.

Республикалық байқауға облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.

Республикалық кезең 2 турда өтті:

І тур– Қазақстан тарихы бойынша тестілеу;

ІІ тур– 4 номинация  бойынша (видео – репортаж, видео, макет, эссе).

Байқау аясында балалар шығармашылық жұмыстар дайындады. Қатысушылар бейнерепортаждар ұсынып, туған өлкесінің тарихы, оның көрікті жерлері туралы эссе жазды. «Менің кіші Отанымның болашағы» тақырыбында макеттер қорғады.

Конкурс қорытындысы бойынша «Менің кіші отаным тарихы» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен Семей қаласы №2 орта мектептің 10 сынып оқушысы Гейко Татьяна марапатталды.

ҚР БжҒМ Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының грамотасымен Бородулиха ауданы Камышенка орта мектебінің 10 сынып оқушысы Оразбек Айбек марапатталды.

 

Жүлдегерлерді, мұғалімдер мен ата-аналарды құттықтаймыз!