Іс-шаралар хабарламасы
2020 жылдың 19 қарашасында онлайн режимінде облыстық интеллектуалдық «Асыл тас» конкурсы өткізіледі.
Тестілеуден өту үшін www.shygysdaryn.kz сайтында тіркелу қажет.
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» республикалық инновациялық идеялар конкурсының қорытындысы
16 Қар, 16:46
Білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі саласындағы өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету мақсатында 2020 жылғы 28-30 қазан аралығында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» республикалық инновациялық идеялар байқауының қорытынды кезеңі өтті. Байқау онлайн режимде өткізілді.
Республикалық «Зерде» зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы
16 Қар, 16:44
2020 жылдың 4-13 қарашасы аралығында облыстың барлық аймақтарының 1-7 сынып оқушыларының жас зерттеушілері республикалық «Зерде» зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңіне қатысты.
Облыстың дарынды балаларын анықтау және оларды облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі зияткерлік олимпиадаларға дайындау, облыстың Олимпиадалық резервін қалыптастыру мақсатымен Олимпиада резервінің Облыстық «Зияткер» сырттай мектебінің (бұдан әрі - Мектеп) I кезеңі өткізілді.
Облыстың дарынды балаларын анықтау және оларды облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі зияткерлік олимпиадаларға дайындау, облыстың Олимпиадалық резервін қалыптастыру мақсатымен Олимпиада резервінің Облыстық «Зияткер» сырттай мектебінің (бұдан әрі - Мектеп) I кезеңі өткізілді.
Республикалық «Зерде» зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңі
14 Қар, 13:20
13 қарашада «Валеология, экология» секциясы бойынша қатысушылар жобаларын қорғады, конкурстың қорытындысы бойынша 23 қатысушы жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздар тізімі қоса беріледі.
1-7 сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының "Зерде" облыстық конкурсы
13 Қар, 15:26
12 қарашада «Медицина, психология» секциясы бойынша 5-7 сынып қатысушылары жобаларын қорғады, конкурстың қорытындысы бойынша 10 қатысушы жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздар тізімі қоса беріледі.
Жеңімпаздарды, мұғалімдерді және ата-аналарды жеңістерімен құттықтаймыз!
Барлық қатысушыларға одан әрі табыс тілейміз!
2020 жылдың 11 қарашасында дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика пәні бойынша оқушылардың білімін жетілдіру және тереңдету мақсатында онлайн режимде лингвистика пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.
Бейбіт Ыстыбаевпен @istybayev_beibit онлайн режимінде тікелей эфир өтетіндігін хабарлайды
11 Қар, 14:57
Шығыс Қазақстан облысыбілім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы күзгі демалыс уақытында «Қазақстан балалары – күзгі интерактив!» концепциясы аясында Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақ күресінен әлем және Азия чемпионы, Қазақ күресіндегі «Түйе палуаны» санатындағы қазақ турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, «Қазақстан барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы, Дзюдодан Қазақстан чемпионаттарының жүлдегері Бейбіт
«Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың ІІІ республикалық зияткерлік конкурсының қорытындысы
06 Қар, 17:36
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Шығыс Қазақстан облысының командасы 2020 жылдың 3-5 қарашасы аралығында өткізілген «Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың республикалық зияткерлік конкурсына қатысты.










