+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік» тақырыбында «Балалар бастауы – 2021» әлеуметтік бастамалары байқауының облыстық кезеңін өткізу ЕРЕЖЕСІ
25 Қаң, 17:15

І. Жалпы ережелер

«Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік» тақырыбындағы «Балалар бастауы – 2021» әлеуметтік бастамалары байқауының (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды.

Байқауды Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, ШҚО ББ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – Орталық) өткізіледі.

2. Мақсаты мен міндеттері

1. Байқаудың мақсаты: әлеуметтік маңызды бастамаларды жүзеге асыруда балалардың белсенді азаматтық ұстанымдарын дамытуға ықпал ету.

2. Байқаудың міндеттері:

- балалардың бастамаларын қолдау және қоғамның назарын әлеуметтік мәселелерді шешуге аудару;

- түрлі бағыттар бойынша әлеуметтік бастамаларды іске асырудың оң тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату;

- балаларды әлеуметтік бастамаларды белсенді іске асыруға қатысуға ынталандыру және ынталандыруды арттыру.

3. Байқаудың қатысушылары

Байқауға білім беру ұйымдарының оқушылары, оның ішінде интернаттық мекемелердің оқушылары, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, мүмкіндігі шектеулі балалар, сондай-ақ балалар қоғамдық бірлестіктері, балалар бастамашыл топтары қатыса алады.

Қатысушылардың жасы 11-ден 18 жасқа дейін.

Жобаларды жеке немесе топтық түрде жүзеге асыруға болады.

4. Байқаудың ұйымдастыру комитеті

1. Байқауды дайындау және өткізу бойынша жұмысты үйлестіру мен жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитетінің құрамы (әрі қарай – ұйымдастыру комитеті) бекітіледі.

2. Байқаудың ұйымдастыру комитеті:

1) берілген Ережеге сәйкес Байқаудың өтуін қадағалайды;

2) Байқауға басшылық жасайды;

3) Байқаудың қазылар алқасының құрамы және саны бойынша ұсыныс жасайды;

4) Байқау қорытындысын талдайды және қорытындылайды.

3. Байқаудың облыстық кезеңінің қазылар алқасының құрамына төраға мен қазылар алқасының мүшелері кіреді.

4. Қазылар алқасының құрамына жоғары оқу орындарының оқытушылары, әдіскерлер, тәжірибелі мұғалімдер және жоғары біліктілігі бар білім беруді басқару органдарының өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың, «Нұр Отан» партиясының, үкіметтік емес ұйымдардың және БАҚ өкілдері кіруі мүмкін.

5. Байқаудың қазылар алқасы:

1) Байқаудың облыстық кезеңнің жұмыстарды бағалайды;

2) қатысушылардың жұмысын бағалауда даулы мәселелерді талқылайды, қажет болған жағдайда сәйкес түзетулер енгізеді;

3) жеңімпаздарды анықтайды және олардың тізімін бекітуге ұсынады.

3. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

1. Байқау екі кезеңде өтеді:

I кезең(аудандық) 2021 жылы 3 ақпаннан 5 наурызға дейін;

II кезең– (облыстық) 2021 жылы 9 наурыздан 20 сәуірге дейін.

Балалардың әлеуметтік жобаларыбайқауының облыстық кезеңі ZOOM бағдарламасында онлайн режимінде презентацияны қорғау түрінде өткізіледі.

Қорғау уақыты 7 минутқа дейін.

2. Байқауға ауылдағы әлеуметтік жағдайды жақсартуға, балалардың өзін-өзі дамытуына және қоғамдық-маңызды нәтиже алуға бағытталған берілген сәтте іске асырылған немесе іске асырылу процесіндегі (жоба, іс, акция немесе іс-шаралар кешені) балалардың әлеуметтік инисативтерінің сипаттамасы ұсынылуы мүмкін.

3. Байқаудың жұмыстарына қойылатын талаптар.

Байқауға Қатысу үшін ұсынылады:

- әлеуметтік бастаманың қысқаша сипаттамасы бар конкурсқа қатысуға өтінім (атауы, мақсаты, міндеттері, өзектілігі, іске асыру мерзімі, қатысушылар саны, қысқаша сипаттамасы, нәтижелерді бағалау). Материалдар электронды түрде ұсынылуы тиіс (А4 форматты парақтарда, Times New Roman шрифті, 1,5 жоларалық интервал, парақтар нөмірленіп, файлдарға салынып, папкаға жиналған, көлемі 20 парақтан аспауы керек);

- сипаттамаға фотосуреттер, пікірлер, БАҚ материалдары және т. б. қоса беріледі.

4. Байқау жұмыстары келесі критерийлер бойынша бағаланады:

1) конкурстық материалдардың ереже талаптарына сәйкестігі;

2) ұсынылған жұмыстың әлеуметтік маңыздылығы;

3) іске асыру тиімділігі;

4) әлеуметтік бастаманы басқа өңірлерде іске асыру мүмкіндігі;

5) көпшілік алдында қорғау (сөйлеу мәдениеті, сөйлеу сенімділігі, аудиториямен жұмыс істей білу).

5. Байқаудың облыстық кезеңіне ауданнан (қаладан) 3 қатысушыдан аспайтын нәтижелерге сәйкес аудандық кезеңнің жеңімпаздары қатысады.

6. Конкурсқа қатысу үшін 2021 жылдың 5 наурызына дейін қалалық (аудандық) білім бөлімі басшысының немесе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорының қолымен расталған өтінімді 3.3т. сәйкес ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы беру қажет: «Дарын» ШҚ ДпҚББДӘО, Абай даңғылы, 21. тел. 70-02-44.

4. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау

1. Байқаудың облыстық кезеңінің барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі. Жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом және сыйлықтармен марапатталады.

2. Байқау қорытындысы бойынша үздік жобалар «Балалар бастауы-2021» әлеуметтік жобалар жинағында жариялануға ұсынылады.

5. Қаржыландыру

Байқауды қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес Орталықпен жүзеге асырылады.