Іс-шаралар хабарламасы
2020 жылдың 30 қыркүйегінде онлайн режимінде облыстық интеллектуалдық «Айналайын» конкурсы өткізіледі.
Тестілеуден өту үшін www.shygysdaryn.kz сайтында тіркелу қажет.
2020 жылғы 28-30 қараша аралығында Республикалық қағидаларына сәйкес әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстардың 2020 жылға арналған «Айбын-2020» VI Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны онлайн-форматта өткізіледі. Әскери-патриоттық спорт клубтарының 14-18 жас аралығындағы тәрбиеленушілері қатысады.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже облыстың қалалары мен аудандарының мектеп командалары арасындағы «Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел» аймақтық конкурсының мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қолдау және қаржыландыру, қатысуды және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді (бұдан әрі – Конкурс).
Өз өнерімен байқаудың қазылар алқасының көңілінен шыққан жас дарынды оқушының алғашқы өнерге деген қадамы Өскемен қаласындағы ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер мектебінің вокалдық сыныбынан басталды.
«Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының облыстық қашықтық көрме-байқауын өткізеді.
2020 жылдың 24 қыркүйегінде онлайн режимінде бір мезетте жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінің іріктеу туры өткізіледі. Онлайн тестілеу www.shygysdaryn.kz сайтында өтеді.
«Елбасы медалі» бағдарламасын іске асыру туралы
23 Қыр, 14:25
2020 жылдың маусым айынан бастап жас таланттар мен көшбасшыларды қолдау және дамыту жөніндегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Ел үміті» бастамасы шеңберінде іске асырылатын «Елбасы медалі» бағдарламасы басталды.
Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының қорытындысы
23 Қыр, 14:21
2020 жылғы 14-16 қыркүйекте Қазақстан Республикасында балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, жеке тұлғаның бәсекелестік артықшылықтарын, шығармашылық құзыреттілігін, қашықтықтан форматта білім алушылардың кәсіби өзін-өзі айқындауын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау мақсатында техникалық шығармашылық пен өнертабыстың (авиа, ракета, авто және кеме модельдеу) республикалық жарыстары өтті .
«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық қашықтық слетінің қорытындысы
21 Қыр, 19:36
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру аясында 2020 жылың 16-18 қыркүйегі аралығында Өскемен қаласында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің облыстық қашықтық кезеңін өткізді.
Информатикадан 32-Халықаралық олимпиада 2020 жылдың 13-19 қыркүйегі аралығында онлайн режимде өтті. Жарыста әлемнің 80-нен астам мемлекетінен келген командалар қатысты.
«Табиғатты аяла» Республикалық форумының қорытындысы
18 Қыр, 09:32
Білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу мақсатында 2020 жылдың 14-16 қыркүйегі аралығында қашықтықтан «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің Республикалық форумы өткізілді. Форумның қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы жалпыкомандалық 3 орынға ие болды.









