+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Іс-шаралар хабарламасы
Конькимен мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасы  X қысқы оқушылар гимназиадасының қорытындысы
2021 жылдың 24-28 ақпан аралығында дене шынықтыру мен спортты одан әрі жаппай дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ірі халықаралық жарыстарға спортшыларды іріктеу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында конькимен мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының X қысқы оқушылар гимназиадасы өтті. Шығыс Қазақстан облысы атынан 4-9 сыныптардың 9 оқушысы қатысты.
Ө. Жолдасбеков атындағы математика - механика бойынша зерттеу жобаларының XI Халықаралық конкурсына Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының қатысу қорытындысы
2021 жылдың 1 мен 3 наурызы аралығында онлайн режимінде Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХІ Халықаралық конкурсы өтті.
«Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының облыстық қашықтық кезеңін  ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған  «Өлкетану сағаты: кіші Отанымыздың үлкен ашылуы» атты  облыстық қашықтық интернет-байқауының қорытындысы
Оқушыларды өлкетану мен экологиялық білімге, зерттеу және табиғатты қорғау қызметіне, туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына, кіші отанды зерттеуге тарту мақсатында 2021 жылғы 23-24 ақпанда «Өлкетану сағаты: кіші Отанымыздың үлкен ашылуы» атты облыстық қашықтық интернет - байқауы өтті.
«Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы» республикалық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
1. Жалпы ережелер 1. «Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы» республикалық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік нұсқау (бұдан әрі – Олимпиада) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығыме
АНОНС «Мың бала» Ұлттық Олимпиадасы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Ел Үміті» бастамасын іске асыру шеңберінде ауыл мектептері оқушылары арасында «Мың бала» ІІ Ұлттық зияткерлік олимпиадасы (бұдан әрі - Олимпиада) басталды.
«Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының облыстық қашықтық кезеңін өткізу АНОНСЫ
2021 жылы 24 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының облыстық қашықтық кезеңін өткізеді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған                Қазақстан Республикасы мектеп оқушылары арасындағы Х қысқы Гимназиадасының Қысқы Президенттік көпсайыс және қысқы спорттық бағдарлау бойынша облыстық іріктеу кезеңінің қорытындысы
ШҚО оқушылары арасындағы Х қысқы Гимназиаданың Қысқы Президенттік көпсайысы мен спорттық бағдарлауы бойынша облыстық іріктеу кезеңі аяқталды. Оқушылар гимназиясы - оқушылар арасында екі жылда бір рет өткізілетін ең ірі ашық кешенді жарыстардың бірі.
1. Жалпы Ереже 1..Осы Ереже оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің (бұдан әрі – Олимпиада) ұйымдастырылуын, мақсаты мен міндеттерін, өткізу тәртібі мен қаржыландыруын, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 23-24 ақпанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Өлкетану сағаты: кіші Отанымыздың үлкен ашылуы» атты облыстық интернет-байқауын қашықтықтан өткізеді.
І. Жалпы ережелер 1. Облыстық интеллектуалдық конкурстар (бұдан әрі – Конкурс) Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы (бұдан әрі – Білім басқармасы) «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығында (бұдан әрі – «Дарын» орталығы) өткізіледі.
ШҚО оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсына қатысу қорытындысы
2021 жылдың 9-12 ақпаны аралығында жас зерттеушілерден құралған Шығыс Қазақстан облысының командасы жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсына алғаш рет онлайн режимде қатысты. Жыл сайынғы конкурс биылғы жылы еліміздің барлық өңірлерінен 750 оқушыны (576 ғылыми жоба) қамтыды.

бiрiншiсi 1 84 85 86 87 88 212 соңғысы