+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Областной интеллектуальный конкурс «Leader»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЯСАУИТАНУ» БІЛІМ БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
05 Мая, 15:18

2021 жылғы 11 мамырда Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан  ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жалпы білім беретін ұйымдардың 6-10 сынып оқушылары арасында Республикалық «Ясауитану»  білім байқауының облыстық кезеңінқашықтықтан өткізеді.

«Ясауитану»  білім байқауының мақсаты: қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған, Түркі халықтарының рухани ұстазы Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтері мен ілімін насихаттау,өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгертіп, зерттеуге ынталандыру,жас өркеннің интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру, жас буынды елдік санаға баулу, Ұлы баба өнегесімен шәкірттерді адамгершілікке, ізгілікке баулу, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін таныту,  тарихи-мәдени ескерткіштерді, жәдігерлерді насихаттау.

Ережеге сәйкес, облыстық кезеңге аудандық (қалалық)  кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін оқу орындарының 6-11-сыныптарының оқушылары қатыса алады.

Облыстық «Ясауитану»  білім байқауы қазақ тілінде екі кезеңде өткізіледі. Сайысқа www.azretsultan.kz  веб-сайтына жарияланған 40 хикметті жаттаған оқушылар қатысады.

Дарынды балаларды қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы туралы хабарлауға қызығушылық танытқан БАҚ-тарды 2021 жылдың 11 мамырында сағат 10.00-де Абай даңғылы, 21,  Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығына шақырамыз.

Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7232) 75-26-91 телефонына хабарласуға болады.