+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Іс-шаралар хабарламасы
«KERUEN SCINCE» химия және биология пәндері бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының қорытындысы
2026 жылдың 20-22 сәуір аралығында Астана қаласында «KERUEN SCINCE» химия және биология пәндері бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасы өткізілді.
7-8 сынып оқушылар арасында жеңіл атлетикалық кросстан Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңінің қорытындысы
2026 жылғы 20-21 сәуір күндері Өскемен қаласында «№50 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің базасында 7-8 сынып оқушылары арасында жеңіл атлетикалық кросстан Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өткізілді.
«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен  табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының  облыстық кезеңінің қорытындысы
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 20 сәуірде қашықтық форматта «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының облыстық кезеңі өткізілді.
1.1. Оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңін (бұдан әрі – Турнир) өткізу ережелері оның мақсатын, міндеттерін, оны өткізу және қаржыландыру тәртібін анықтайды.
Ағылшын және неміс тілі пәндері бойынша Республикалық олимпиаданың қорытындысы
2026 жылдың 17 мен 21 сәуірі аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Петропавл қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың ағылшын және неміс тілі пәндерінен қатысты.
Оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирінің қорытындысы
2026 жылғы 15-16 сәуір күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК-ның ұйымдастыруымен оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирі өткізілді.
Облыстық интеллектуалдық «Тұлпар» онлайн конкурсын өткізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2026 жылдың 23-24 сәуірінде жалпы білім беретін мектептердің 2-4 сынып оқушылары үшін «Дүниетану», 5-11 сынып оқушылары үшін «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша облыстық интеллектуалдық «Тұлпар» онлайн конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізетінін хабарлайды.
Тоғызқұмалақтан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
Білім алушылар арасында тоғызқұмалақты насихаттау, олардың шеберлігін арттыру мақсатында 2026 жылғы 16-17 сәуір күндері «Өскемен көпсалалы технология колледжі» КММ-нің базасында 2-11 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақтан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.
1.1. Осы Ереже «Дене шынықтыру» пәні бойынша негізгі орта білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын барлық білім беру ұйымдарының «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқушылар Олимпиадасының (бұдан әрі – Олимпиада) мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.
Шахматтан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
Білім алушылар арасында шахматты насихаттау, олардың шеберлігін арттыру мақсатында 2026 жылғы 15-16 сәуір күндері «Өскемен көпсалалы технология колледжі» КММ-нің базасында 2-11 сынып оқушылары арасында шахматтан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында  «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 16 cәуір күні Өскемен қаласындағы № 50 жалпы білім беретін мектебі базасында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсының қорытындысы
2026 жылдың 15-17 сәуірі аралығында Астана қаласында Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсы өтті.

бiрiншiсi 1 3 4 5 6 7 213 соңғысы