+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Іс-шаралар хабарламасы
«Спешиал Олимпикс» қозғалысы бойынша үстел теннисінен облыстық спартакиадасының қорытындысы
2023 жылдың 1 наурызында алғыс айту күніне орай Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық үстел теннисінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің (теннис орталығы) базасында «Спешиал Олимпикс» қозғалысының үстел теннисінен облыстық спартакиадасы өтті.
Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша XIІІ халықаралық зерттеу жобалары конкурсында
Бүгін Алматы қаласына Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша ХІІІ халықаралық зерттеу жобалар конкурсына 150 жас математик жиналды. Солардың ішінде Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары да бар.
Шығыс Қазақстан балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шайбалы хоккейден «Жұлдызша» турнирі басталды
2023 жылғы 27 ақпанда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысында балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шайбалы хоккейден «Жұлдызша» турнирінің облыстық кезеңі басталды. Турнир 3 наурызға дейін жалғасады.
Шығыс Қазақстанда жас зерттеушілер мен өнертапқыштарды даярлаудың үздік дәстүрлері
Шығыс Қазақстан облысының қосымша білім беру жүйесінде 71 қосымша білім беру ұйымы бар, оның 45-і білім беру жүйесінде және 26-сы мәдениет және спорт жүйесінде жұмыс істейді.
«Смарт Сарбаз – 2023» компьютерлік таланттардың қашықтықтан  облыстық чемпионатының қорытындысы
2023 жылдың 23 ақпанында Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының мектептерінде онлайн түрде «Смарт Сарбаз-2023» компьютерлік таланттар чемпионаты өтті.
«Жас Сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері арасында «Қалқан» Республикалық қысқы спартакиадасында Шығыс Қазақстан облысы командасының қатысу қорытындысы
2023 жылғы 21-25 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті орталық спорт клубының оқу-жаттығу орталығы базасында «Жас Сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері арасында «Қалқан» Республикалық қысқы спартакиадасына қатысты (филиал, Алматы облысы, п. Панфилов).
Шағын футболдан колледж студенттері арасындағы Ұлттық спорт лигасының қорытындысы
2023 жылғы 20-24 ақпан аралығында Өскемен қаласында Өскемен қызмет көрсету саласы колледжінің базасында шағын футболдан колледж студенттері арасындағы Ұлттық спорт лигасының облыстық кезеңі өтті.
Баскетболдан колледж студенттері арасындағы Ұлттық спорт лигасының қорытындысы
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және танымал ету, үздік студенттік командаларды анықтау, спорттағы дарынды студенттер мен жаттықтырушыларды анықтау мақсатында 2023 жылғы 20-24 ақпан аралығында Өскемен қаласында Өскемен жоғары политехникалық колледжінің базасында баскетболдан колледж студенттері арасындағы Ұлттық спорт лигасының облыстық кезеңі өтті.
«Абай әлемі» атты республикалық шығармашылық байқаудың қорытындысы
Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты 2023 жылдың 22-23 ақпаны күндері жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 қазақ сыныптарында оқитын оқушылары арасында республика көлемінде қашықтан ІІІ «Абай әлемі» шығармашылық байқауын өткізді.
«Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары  - жас музыканттардың республикалық фестиваль – байқауының» облыстық  кезеңінің қорытындысы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» 2023 жылғы 23 ақпанда Өскемен қаласының «№1 Балалар музыка мектебі» КМҚК базасында Шығыс Қазақстан облысының «Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары - жас музыканттардың республикалық фестиваль – байқауының» облыстық кезеңі өтті.
Өскемен қаласының № 11 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы, «Жас техниктер станциясының» тәрбиеленушісі, республикалық, облыстық Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың республикалық (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) жарысының жеңімпазы Какоткин Ег
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы 2023 жылдың 28 ақпаны күні сағат 15-00-де Өскемен қаласының Жас техниктер станциясының базасында техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың республикалық (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) жарысының жеңімпазы Какоткин Егормен БАҚ өкілдерінің кездесуі ұйымдастырылады.
Балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шайбалы хоккейден «Жұлдызша» турнирінің  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Өткізілетін уақыты: 2023 жылғы 27 ақпан – 3 наурыз Өткізілетін орны: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№11 мектеп-лицей», мұз айдыны Тимирязев көшесі, 177а. Турнирдің салтанатты ашылуы: 2023 жылғы 28 ақпанда, сағат 10:00-де. Турнирдің салтанатты жабылуы: 2023 жылғы 3 наурызда, сағат 12:00-де.

бiрiншiсi 1 39 40 41 42 43 213 соңғысы