Іс-шаралар хабарламасы
Облыстық « Үздік жыл психологы» конкурсының қортындысы
16 Қаз, 04:51
Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2013 жылдың 9 қазанында өңірлік ғылыми - практикалық «Дарын» орталығы «Үздік жыл психологы» конкурсының облыстық кезеңін өткізді.
Дарынды оқушыларды анықтау, оқыту мен дамыту мақсатында республикалық ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы республикалық және халықаралық дәрежедегі бірқатар интеллектуалды шараларды өткізеді.
Облыстық «Қазақстан-жаңа әлемде» конкурсын өткізу туралы
09 Қаз, 04:05
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы сурет және қолданбалы өнердегі дарынды балаларды анықтау және әрбір оқушының жеке қабілетін дамыту, балалардың жеке шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру, туған елдің салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтеуге баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Қазақстан – жаңа әлемде» атты облыстық сурет және қолданбалы өнер туындылары конкурсын өткізетіндігін хабарлайды.
«Өзін- өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
08 Қаз, 02:42
2013 жылдың 7 қазанында Шығыс - Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «Өзін- өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.
Поздравляю центр «Дарын» с Днем учителя!
03 Қаз, 13:56
Коллектив регионального научно-практического центра «Дарын»! Поздравляю вас с наступающим Днем учителя! От лица многих родителей выражаю вам искреннюю благодарность за то, что вы проводите важную и нужную работу, направленную на развитие одаренности наших детей.
G - GLOBAL - ғаламдық диалогтың жаңа форматы.
30 Қыр, 09:58
27 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында облыс әкімі Б. Сапарбаевтың қатысуымен жаңа ғаламдық диалогтық форматта «G - GLOBAL - ғаламдық диалогтың жаңа форматы» атты форумы өтті. Форумда қазіргі уақыттағы ғаламда тудырылатын мәселелерді шешу үшін қатысушылардың санын арттыруды және жаңа бірлестіктің форматы ұсынылды.
Құрметті педагогтар, оқу-ағарту ісінің ардагерлері!
27 Қыр, 04:45
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының ұжымы сіздерді шын жүректен Халықаралық Ұстаздар күнімен құттықтайды!
«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының іріктеу кезеңінің қорытындысы туралы ақпарат
27 Қыр, 04:24
2013 жылы «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша, республикалық кезеңнің іріктеу турына дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру мекемелерінен 17 педагог (11 жоба) қатысуға жіберілді.
«Дарын» республикалық ғылыми–практикалық орталығы 2013 жылдың 6-8 қараша аралығында Н. Оңдасынов атындағы Түркістан аймақтық «Дарын» мектеп-интернаты базасында (ОҚО, Түркістан қ.) тарих, география пәндері мұғалімдері үшін қазақ тілінде «Тарихи – өлкетану іс-әрекеттері арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің формалары мен әдістері» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізеді.
«Дарын» РҒПО Кубогына география және этнография пәндері бойынша республикалық қашықтық олимпиадаларын өткізу туралы
26 Қыр, 08:35
«Дарын» республикалық ғылыми–практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты педагогтарды анықтау және оларды қолдау, ынталандыру, мұғалімдердің іскерлік шеберліктерін арттыру мақсатында 2013 жылғы 17-і мен 18-і қазан (сағат 08:00 мен 21:00) аралығында «Дарын» РҒПО Кубогына география және этнография пәндері бойынша республикалық қашықтық олимпиадаларын өткізеді.
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты оқушыларды анықтау және оларды қолдау, интеллектуалды сайыстарға қатысуын ынталандыру мақсатында «Дарын» РҒПО Кубогына 2013-2014 оқу жылында жаңа жоба – қашықтықтан командалық олимпиадасын (бұдан әрі - Олимпиада) өткізітіндігі жайлы хабарлайды.
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты оқушыларды анықтау және оларды қолдау, интеллектуалды сайыстарға қатысуын ынталандыру мақсатында РҒПО «Дарын» Кубогына география және этнография пәндері бойынша республикалық қашықтық олимпиадаларын (бұдан әрі - Олимпиада) өткізітіндігі жайлы хабарлайды.









