Іс-шаралар хабарламасы
«Өзін- өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
08 Қаз, 02:42
2013 жылдың 7 қазанында Шығыс - Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «Өзін- өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.
Поздравляю центр «Дарын» с Днем учителя!
03 Қаз, 13:56
Коллектив регионального научно-практического центра «Дарын»! Поздравляю вас с наступающим Днем учителя! От лица многих родителей выражаю вам искреннюю благодарность за то, что вы проводите важную и нужную работу, направленную на развитие одаренности наших детей.
G - GLOBAL - ғаламдық диалогтың жаңа форматы.
30 Қыр, 09:58
27 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында облыс әкімі Б. Сапарбаевтың қатысуымен жаңа ғаламдық диалогтық форматта «G - GLOBAL - ғаламдық диалогтың жаңа форматы» атты форумы өтті. Форумда қазіргі уақыттағы ғаламда тудырылатын мәселелерді шешу үшін қатысушылардың санын арттыруды және жаңа бірлестіктің форматы ұсынылды.
Құрметті педагогтар, оқу-ағарту ісінің ардагерлері!
27 Қыр, 04:45
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының ұжымы сіздерді шын жүректен Халықаралық Ұстаздар күнімен құттықтайды!
«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының іріктеу кезеңінің қорытындысы туралы ақпарат
27 Қыр, 04:24
2013 жылы «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша, республикалық кезеңнің іріктеу турына дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру мекемелерінен 17 педагог (11 жоба) қатысуға жіберілді.
«Дарын» республикалық ғылыми–практикалық орталығы 2013 жылдың 6-8 қараша аралығында Н. Оңдасынов атындағы Түркістан аймақтық «Дарын» мектеп-интернаты базасында (ОҚО, Түркістан қ.) тарих, география пәндері мұғалімдері үшін қазақ тілінде «Тарихи – өлкетану іс-әрекеттері арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің формалары мен әдістері» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізеді.
«Дарын» РҒПО Кубогына география және этнография пәндері бойынша республикалық қашықтық олимпиадаларын өткізу туралы
26 Қыр, 08:35
«Дарын» республикалық ғылыми–практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты педагогтарды анықтау және оларды қолдау, ынталандыру, мұғалімдердің іскерлік шеберліктерін арттыру мақсатында 2013 жылғы 17-і мен 18-і қазан (сағат 08:00 мен 21:00) аралығында «Дарын» РҒПО Кубогына география және этнография пәндері бойынша республикалық қашықтық олимпиадаларын өткізеді.
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты оқушыларды анықтау және оларды қолдау, интеллектуалды сайыстарға қатысуын ынталандыру мақсатында «Дарын» РҒПО Кубогына 2013-2014 оқу жылында жаңа жоба – қашықтықтан командалық олимпиадасын (бұдан әрі - Олимпиада) өткізітіндігі жайлы хабарлайды.
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты оқушыларды анықтау және оларды қолдау, интеллектуалды сайыстарға қатысуын ынталандыру мақсатында РҒПО «Дарын» Кубогына география және этнография пәндері бойынша республикалық қашықтық олимпиадаларын (бұдан әрі - Олимпиада) өткізітіндігі жайлы хабарлайды.
ҚР жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында өткізілген республикалық Махамбет оқуларының қорытындысы
19 Қыр, 06:17
2013 жылдың 17-19 қыркүйегі аралығында Атырау облысында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында IV республикалық Махамбет оқулары өтті.
Махамбет оқулары үш бөлім бойынша өткізілді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңін өткізу туралы ақпарат
13 Қыр, 08:16
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы оқушыларды зерттеу жұмысына тарту, олардың ғылыми-зерттеу және танымдық қызығушылықтарын арттыру мақсатында жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы (бұдан әрі - Конкурс) өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Қалалық (аудандық) білім бөлімдерінің бастықтарына, дарынды балаларға арналған облыстық мектептердің директорларына
11 Қыр, 06:17
Қазақстан Республикасының интеллектуалдық әлеуетін айқындау, дамыту және дарынды балаларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Республикалық ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы 2013 жылдың 30 қазанында 3-10 сынып оқушылары арасында «Ақ бота» интеллектуалдық марафонын келесі пәндер бойынша өткізеді:









