Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2014 жылдың 8 ақпанында 7-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен дәстүрлі «Жарқын болашақ» олимпиадасы өтетінін хабарлайды.
«Жарқын болашақ» олимпиадасы ережеге сәйкес «Тілші-әдебиетшілер», «Сөз шеберлері», «Әнші бұлбұлдар», Жас ғалымдар», «Жазушылар» атты 5 бағытта, 3 кезеңде өткізіледі:
1 кезең – аудандық: қараша-желтоқсан айларында, 2 кезең – облыстық: 8-ақпанда, 3 кезең – республикалық: 2014 жылғы 3-5 сәуірде Астана қаласында өтеді.
Облыстық кезеңге аудандық кезеңнен 1- орын алған жеңімпаздар қатысады.
Әр ауданнан облыстық кезеңге ұсынылатын оқушы саны төмендегідей:
|
Конкурс атауы |
Тобы |
Оқушы саны |
Жиыны |
|
«Тілші-әдебиетшілер» |
қазақ және өзге ұлт |
әр топтан 1 оқушы 1 |
2 оқушы |
|
«Сөз шеберлері» |
қазақ және өзге ұлт |
әр топтан 1 оқушы
|
2 оқушы |
|
«Әнші-бұлбұлдар» |
қазақ және өзге ұлт |
әр топтан 1 оқушы
|
2 оқушы |
|
«Жас ғалымдар» |
қазақ және өзге ұлт |
әр топтан 1 оқушы
|
2 оқушы |
|
«Жазушылар» |
қазақ және өзге ұлт |
әр топтан 1 оқушы
|
2 оқушы |
Қатысуға өтінімдерді төмендегі үлгі бойынша 2014 жылдың 31 қаңтарына дейін Өскемен, Семей қазақ-түрік лицейлеріне: тел/факс: 252-962, e-mail: vko.ktl5@gmail.com,, тел: 8 (7222) 77-15-76, e-mail: Semeyktl@gmail.com
жіберу қажет.
|
Оқушының аты-жөні |
Аудан, қала |
Мектеп, сынып |
Ұл-қыз |
Конкурс атауы |
Тақырыбы |
Дайындаған мұғалімі |
|
|
|
|
|
|
|
|
«Жарқын болашақ» олимпиадасының толық ережелері ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының (http//www.shygysdaryny.kz)сайтында жарияланған.
Қатысушылардың іссапар шығындары (тұратын орны, тамақтануы, жол ақысы) жіберуші білім мекемелерінің есебінен төленеді.
Қосымша ақпараттар алу үшін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 8/7232/700609, қазақ-түрік лицейлеріне 8/7232/252962 (Өскемен қ.) 8/7222/771110 (Семей қ.) хабарласуға болады.