Іс-шаралар хабарламасы
Ғажайыпқа толы Жаңа жыл!
25 Жел, 04:04
2013 жылы 18 - 21 желтоқсанда Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Шығыс Қазақстан облысындағы және 22-24 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Жаңа жылдық шыршалары өткізілді.
Ағылшын тілі, информатика және бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қашықтық интернет олимпиадасын өткізу туралы
25 Жел, 03:40
«Дарын» республикалық ғылыми–практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты педагогтарды анықтау және оларды қолдау, ынталандыру, мұғалімдердің іскерлік шеберліктерін арттыру мақсатында 2014 жылғы 23-24 қаңтар (сағат 08:00 мен 21:00) аралығында ағылшын тілі, информатика және бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Дарын» РҒПО Кубогына республикалық қашықтық олимпиадаларын өткізеді.
Ресей Академиясының солтүстік-батыс бөлімінің инновациялық институты және British Institutes бірлесе отырып, ұстаздардың арасындағы ақпарат алмасуды жақсарту, танымдық және кәсіптік іс-әрекетін кеңейту, әр-түрлі мекемелердегі ұстаздар арасындағы қызметтестікті дамыту мақсатында, ағылшын тілінің мұғалімдеріне арналған «British Bulldog Teachers Contest» тесті өтетіндігін хабарлаймыз.
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2013 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты облыстық жас ақындар байқауын өткізді
Денсаулығында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Интеллектуалдық марафон» олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы
13 Жел, 06:18
2013 жылы 29 қарашада ШҚО білім басқармасы мен өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы қашықтықтан денсаулығының мүмкіндігі шектеулі интеллектісі сақталған оқушыларға арналаған «Интеллектуалдық марафон» облыстық олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға 14-17 жас аралығындағы оқушылар, «Математика», «Информатика», «Физика», «Экология», «Биология» пәндері бойынша тапсырмаларды кешенді түрде орындады.
2013 жылдың 6 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары өңірлік «IT – көрмеде» өздерінің ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жасаған ғылыми зерттеу жұмыстарын ұсынды. Осындай мүмкіншілік балаларға екінші рет туып отыр: үстіміздегі жылдың сәуір айында облыстық, республикалық және халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен жарыстардың оқушы – жеңімпаздары информатика пәні мұғалімдерінің облыстық форумында ғылыми зерттеу жұмыстарының презентациясын жасады.
2013 жылдың 3 желтоқсан күні Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде Үржар ауданының әкімі Серік Зинабекұлы Зайнулдиннің студенттермен кездесуі өтті.
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай 5-10 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты облыстық жас ақындар байқауын өткізетіндігін хабарлайды.
Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары – Республикалық Президенттік олимпиаданың жүлдегерлері
09 Жел, 11:36
2013 жылы 04-07 желтоқсанда Н.Ә. Назарбаев өзінің еңбек қызметін бастаған Теміртау қаласында жаратылыстану-математика циклінің пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың ақырғы республикалық кезеңі өтті. Оған Республиканың барлық өңірлерінен 178 дарынды оқушы қатысты. Олимпиада 2008 жылдан бері жаратылыстану-математикалық пәндері бойынша Президенттің жеке тапсырмасы бойынша өткізіледі. Президенттік олимпиада 2 турда өтті
Оқушылардың инновациялық идеялары – облыстың дамуы үшін
05 Жел, 04:18
2013 жылы 04 желтоқсанда облыстың дарынды оқушылары «Инвестициялар. Инновациялар. Бизнес» Өңірлік форумының аясында өткізілген ғылыми жобалар көрмесіне қатысты.
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2013 жылдың 29 қарашасында мектеп оқушылар арасында тұңғыш Президент күніне орай «Жарқын болашаққа бастаған Ұлт көшбасшысы» атты облыстық жас журналистер байқауын өткізді.
2013 жылдың 26, 27 қараша күндері Өскемен және Семей қалаларында, Күршім ауданының әкімі Алтайбек Сейітұлы Сейітовтың жоғарғы оқу орындарында, колледждерде оқитын студенттермен кездесуі болды. Іс-шаралар С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да және Семей мемлекеттік медицина университетінде өтті.






