+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Іс-шаралар хабарламасы
Шығысқазақстандық жас зерттеушілер республикалық «Зерде» конкурсының жеңімпаздары
2014 жылдың 25-27 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Ақмола облысындағы Щучье қаласындағы республикалық оқыту-сауықтыру «Балдәурен» лагерінде өткен 1-7-сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсына қатысып қайтты.
Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының X Халықаралық математика, физика және информатикадан Жәутіков олимпиадасына қатысу қорытындысы
2014 жылдың 12-18 қаңтар аралығында Алматы қаласында Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының командасы математика, физика және информатика пәндерінен X Халықаралық Жәутіков олимпиадасына қатысты. Олимпиада Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының қолдауымен өтті.
Мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары, директорлардың тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары мен алғашқы әскери дайындық мұғалімдеріне арналған халықаралық семинар-кеңес өткізу туралы
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2014 жылдың 13-14 ақпаны аралығында Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» республикалық әскери мектебінің базасында мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары, директорлардың тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары мен алғашқы әскери дайындық мұғалімдері, Қазақстанның және жақын шет елдердің әскери кадет мектептердің өкілдеріне арналған халықаралық семинар-к
Халықаралық «Алтын жабағы» ойын конкурсын өткізу туралы
Қазақстан мен Ресейдің білім берудегі ынтымақтастығы аясында, оқушыларды әлемдік және қоғамдық тарихқа баулу, білім көздерімен өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландыру мақсатымен Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2014 жылы 21-24 ақпан аралығында «Алтын жабағы» конкурсын өткізеді. Конкурс ерікті түрде демеушілердің немесе қатысушылардың есебінен ақылы (500 теңге).
Жаратылыстану-математика пәндері бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған юниорлардың республикалық қашықтық олимпиадасының қорытындысы
2013 жылдың 27 желтоқсанынан 2014 жылдың 15 қаңтары аралығында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» порталымен бірлесіп 7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика бағыты бойынша юниорлар олимпиадасын өткізді.
Қазақ тілі және этнография пәндері бойынша республикалық  қашықтық олимпиадаларын  өткізу туралы
Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық орталығымен бірлесе отырып, дарынды оқушыларды анықтау және оларды қолдау, интеллектуалды сайыстарға қатысуын ынталадыру мақсатында РҒПО «Дарын» кубогына қазақ тілі және этнография пәндері бойынша республикалық қашықтық олимпиада өткізетіндігі жайлы хабарлаймыз.
«Astana Piano Passion» IІ–ші Халықаралық жас пианистердің  фестиваль – байқауын өткізу туралы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Астана қаласында «Astana Piano Passion» IІ–ші Халықаралық жас пианистердің фестиваль – байқауы өткізетіндігі туралы хабарлайды.
Командалық қашықтық олимпиадасын өткізу туралы
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық орталығымен бірлесе отырып, дарынды оқушыларды анықтау және оларды қолдау, зияткерлік сайыстарға қатысуын ынталандыру мақсатында қашықтан командалық олимпиадалар өткізетіндігі туралы хабарлаймыз. Олимпиаданың нәтижелері ортақ мектеп рейтингінде есептеледі және басты жүлде «Дарын» РҒПО кубогымен марапатталады.
Мектеп оқушылары арасында зияткерлік меншік бойынша   Халықаралық олимпиаданың екінші іріктеу кезеңін өткізетіндігі туралы
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы жас ұрпақтың шығармашылық зейінін дамытуға, зияткерлік және құқықтық сауаттылығын артыруға, сонымен қатар талантты балаларды анықтау мақсатында Ресей мемлекеттік зияткерлік меншігі академиясы ҚР БҒМ Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының қолдауымен 14-18 жастағы мектеп оқушылары арасында зияткерлік меншік бойынша Халықаралық олимпиаданың екінші іріктеу кезеңін өткізетіндігі туралы хабарлайды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық  олимпиаданың облыстық кезеңінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2014 жылдың 8-9 қаңтарында Өскемен қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.
МАТЕМАТИКАДАН «МАЛАХИТ» ОБЛЫСТЫҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ӨТКІЗІЛУІ ТУРАЛЫ
2014 жылдың 22 қаңтарында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы жалпы білім беретін мектептердің 2-11 сынып оқушылары арасында математика пәнінен облыстық интеллектуалдық «Малахит» конкурсын өткізеді.
Облыстық «Жарқын болашақ» олимпиадасын өткізу туралы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2014 жылдың 8 ақпанында 7-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен дәстүрлі «Жарқын болашақ» олимпиадасы өтетінін хабарлайды.

бiрiншiсi 1 179 180 181 182 183 213 соңғысы