Іс-шаралар хабарламасы
2014 жылдың 24 ақпаны мен 2 наурызы аралығында Алматы облысының Ұзынағаш ауылында республикалық «Жыр алыбы - Жамбыл» жас ақындар айтысы өтті.
2014 жылдың 26 ақпан - 3 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Алматы қаласында өткен Ө.Жолдасбеков атындағы математика, механикадан оқушылардың зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсына қатысып қайтты.
Экономикалық географиядан олимпиада өткізу туралы
28 Ақп, 06:39
Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «Жас ұрпақ - 2050» Қоғамдық қоры және Алматы қ. Халықаралық ақпараттық технологиялар университетімен бірлесе отырып 2014 жылдың 15 наурызында 10-11 сынып оқушыларына экономикалық географиядан олимпиада жүргізетіндігін хабарлайды. Жеңімпаздарға «Қаржы», «Менеджмент» мамандықтары бойынша 100%, 50%, 35% грант беріледі.
Үздік екендерін бұл жолы да дәлелдеді!
21 Ақп, 14:25
2014 жылы 17-21 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы Алматы қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жарыстарына қатысты.
«Тарих ата» қашықтық олимпиадасын өткізу туралы
21 Ақп, 12:10
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын 5-10 сынып оқушылары үшін Қазақстан тарихы пәнінен «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасын өткізеді.
Облыстық «Робототехника» байқауы
21 Ақп, 11:11
2014 жылдың 28 ақпаны күні өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «Робототехника» республикалық байқауды өткізудің облыстық кезеңінің өтетіндігі жайлы жариялайды.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2014 жылдың 20-30 наурыз аралығында Алматы облысының Қаскелең қаласындағы Сулеймен Демирель университетінің базасында қазақ және ағылшын тілдері пәні мұғалімдеріне арналған «Дарынды балаларға тілді оқытудың жаңа парадигмасы» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізеді.
«Кенгуру – математика барлығына» халықаралық
19 Ақп, 11:10
2014 жылдың 18 наурызында оқушылардың математика пәнінен білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту және дарынды балаларды анықтау мақсатында республикалық ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы 3-10 сыныптар аралығында «Кенгуру – математика барлығына» халықаралық ойын конкурсын өткізеді. Конкурсқа қатысу ерікті түрде ақылы (500 теңге).
Республикалық «Журналист болғым келеді» және «География – менің таңдауым» байқаулары туралы
19 Ақп, 10:44
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетінің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасымен бірге Қазақстан колледждерінің студенттері мен мектептерінің оқушылары арасында республикалық «Журналист болғым келеді» атты үздік шығармалар байқауы мен «География – менің таңдауым» атты үздік ғылыми жұмыстар байқауын өткізетіні жайлы хабарлаймыз.
2014 жылдың 10-12 ақпаны аралығында «Хабар» агенттігінің шығармашылық топ өкілдері мен Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығы облыстағы орыс тілінде білім беретін мектептерінің 9 - 11 және 6 сынып оқушылары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысының іріктеу кезеңін өткізді.
2013 жылы 8-9 ақпан күндері Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Өскемен, Семей қалаларындағы дарынды дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицейлерімен бірлесе отырып, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту мақсатымен облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 7-11 сынып оқушылары арасында қаз
Туған жерге жеңіспен!
04 Ақп, 09:56
2014 жылдың 26 қаңтары мен 2 ақпаны аралығында Протвино қаласында (Ресей) нақты ғылымдарға негізделген, шығармашыл және зияткер дарынды балаларды қолдау мақсатында, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Компьютерлік физика» атты оқушылардың халықаралық олимпиадасы өткізілді.








