+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Іс-шаралар хабарламасы
Жидебайдағы поэзия күндері
2014 жылдың 3-6 қыркүйек күндері Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында XV республикалық Абай оқулары өтті.
Халықаралық бейіндік лингвистикалық мектеп мен бизнес мектебін өткізу туралы
Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «Global Leader» білім орталығымен (Қазақстан Республикасындағы Онтүстік Кореяның Вусонг университетінің ресми өкілі) шығармашылық ынтымақтастық Меморандумы негізінде және Халықаралық ұйымдастыру комитетінің шақыруымен 7-11 сынып оқушылары үшін Дэджон қаласында (Онтүстік Корея) 2014 жылдың 3-9 қарашасында халықаралық бейіндік лингвистикалық мектеп мен бизнес мектебін ұйымдастыратынын хабарлаймыз.
Ұлы Абай ұрпақтары Жидебайда тағы да бас қосты
2014 жылдың 4 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдардың оқушылары арасында XV республикалық Абай оқуларының салтанатты ашылу Абай-Шәкәрім мемориалды кесенесінде өтті.
"Дарын" орталығында жаңа әдістемелік құрал жарық көрді
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы әдістемелік шеберлікті жоғарлату, педагогикалық тәжірибемен алмасу, дарынды оқушыларды әртүрлі деңгейдегі зияткерлік олимпиадалар мен жарыстарға даярлау мақсатында әдістемелік әдебиет басып шығарғанын назарларыңызға саламыз.
Инновациялық-педагогикалық идеялардың фестивалінің облыстық кезеңін өткізуі туралы
2014 жылы 06 қарашада инновациялық технологияларды әзірлеп, енгізетін педагогтар мен педагогикалық ұжымдардың жетістіктерін насихаттау және олардың шығармашылығына жағдай жасау үшін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы инновациялық-педагогикалық идеялардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңін өткізуді жоспарлайды.
1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен  ғылыми жобаларының республикалық «Зерде»  конкурсының аудандық/қалалық кезеңдерін өткізу туралы
Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу мен оларға қолдау көрсету мақсатында 1-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалардың республикалық «Зерде» конкурсы (бұдан әрі-Конкурс) өткізіледі. Жобаларды қорғау ереже бойынша келесі секцияларда жүргізіледі:
Республикалық «Кітап оқитын адам – табысты адам» байқауын өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру департаменті, ақпараттық технологиялар департаменті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасымен бірге балалар мен жасөспірімдер арасында республикалық «Кітап оқитын адам – табысты адам» атты байқауын өткізеді.
Республикалық қашықтық олимпиада өткізу туралы
«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты оқушыларды анықтау және оларды қолдау, интеллектуалды сайыстарға қатысуға ынталандыру мақсатында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша республикалық олимпиадасы өткізіледі.
Облыстық интеллектуалдық «Айналайын» конкурсын өткізу туралы
2014 жылы 18 қыркүйекте оқушылардың оқу қызметін ынталандыру, қазақ тілі пәні бойынша талантты оқушыларды анықтау және оларды қолдау мақсатында 2-11 сынып оқушылары үшін «Қазақ тілі» пәнінен облыстық интеллектуалдық «Айналайын» сайысы өткізіледі.
«Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының облыстық кезеңін өткізу туралы
Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2014 жылдың 25 қыркүйегінде өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының облыстық кезеңін өткізуді жоспарлап отыр.
ХV республикалық Абай оқуларын өткізу туралы
2014 жылдың 4-5 қыркүйек күндері Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдардың оқушылары арасында XV республикалық Абай оқулары өтеді.
Шығыс Қазақстан облысы педагогтарының Республикалық педагогикалық тамыз кеңесіне қатысуы туралы
2014 жылы 7–8 тамызда дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп педагогтары Алматы қаласы С. Демирел атындағы университетінде «Білім берудегі инновациялық стратегиялар мемлекет, қоғам және жеке адамды дамытудың берік факторы» атты республикалық педагогикалық тамыз кеңесіне қатысып қайтты.

бiрiншiсi 1 173 174 175 176 177 213 соңғысы