Іс-шаралар хабарламасы
Ізгі жүрек ізгілігін сатпайды ...
26 Қар, 08:23
2014 жылы 18 - 22 қараша аралығында "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру, сауықтыру орталығында әлеуметтік жобалардың «Ізгілік – өмір нәрі» республикалық фестивалі өткізілді.
Білім беру сапасын көтеру, дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2014 жылдың 3 - 14 қараша аралығында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «Математикадан түрлі деңгейдегі олимпиадаларға оқушыларды дайындау» тақырыбында қашықтықтан оқыту семинарын өткізді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының аудандық (қалалық) кезеңдерін өткізу туралы
24 Қар, 10:05
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 14 қазандағы №421 «2014-2015 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың рсепубликалық олимпиадасын өткізу туралы" бұйрығына сәйкес, 2014 жылы 11-12 желтоқсанда сағат 10.00-де 9-11 сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының аудандық (қалалық) кезеңдері (бұдан әрі -Олимпиада) өткізілетінін хабарлаймыз.
Күн шуақты Бразилиядан жүлдемен
21 Қар, 11:21
Дарынды оқушылардың ғылыми-зерттеушілік, оқу-танымдық қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында 2014 жылдың 27 – 31 қазанында Бразилияның Ново-Гамбург қаласында оқушылардың 29-шы Халықаралық «MOSTRATEC» олимпиадасы өткізілді.
Ұлт көшбасшысы туралы үздік шығармалар
21 Қар, 11:07
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2014 жылдың 20 қарашасы күні облысымыздың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында тұңғыш Президент күніне орай «Жарқын болашаққа бастаған Ұлт көшбасшысы» атты облыстық жас журналистер байқауын өткізді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың облыстық олимпиадасын (бұдан әрі - Олимпиада) жыл сайын Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен өңірлік ғылыми-практикалық "Дарын" орталығы (бұдан әрі - «Дарын» ШҚ ӨҒПО) өткізеді.
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы қазақстандық патриотизмді және әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында 2014 жылдың 8 желтоқсаны күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Мақтанышым – тәуелсіз Қазақстан» атты облыстық бейнероликтер байқауын өткізетіні жайлы хабарлайды.
І. Жалпы ереже
Бұл ереже Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған «Мақтанышым – тәуелсіз Қазақстан» тақырыбындағы облыстық видеороликтер байқауының (ары қарай – Байқау) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырып, өткізу, қорытынды шығару, жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
Тарбағатай ауданының оқушысы Түрік еліне жолдама алды
14 Қар, 13:01
Тарбағатай ауданының оқушысы
Түрік еліне жолдама алды
2014 жылдың 7-12 қарашасы күндері Шучье қаласындағы «Балдәурен» Республикалық оқыту сауықтыру орталығының кешенінде республикалық «Ақжелең» өнер байқауы өтті.
Байқау төрт номинация бойынша: аспапты шығарма, дәстүрлі ән айту, жыраулық және қолданбалы өнер жанры болды.
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Тарбағатай ауданының А. Байтұрсынов атындағы және Өкпеті орта мектебінің оқушыларынан құралған Шығыс Қазақстан облыс
2014 жылдың 11-13 қарашасы аралығында Алматы қаласында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығында балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру мақсатында 7 - 9 сынып оқушылары арасында «Өзін-өзі тану» пәнінен республикалық олимпиада өтті.
Жас шахматшылар республикалық турнирде
14 Қар, 12:39
Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы оқушылар арасында шахматты насихаттау және тарату мақсатында 2014 жылдың 3-11 қарашасы аралығында халықаралық гроссмейстер Дәрмен Садвакасов кубогына ІХ Республикалық турнир өткізді.
Жас астронавтарға арналған астрономиялық жаттықтыру
14 Қар, 03:42
Оқушылардың астрономияға, физика мен ғарышқа деген білімдерін тереңдету мақсатында 2014 жылдың 2-10 қараша күндері Алматы қаласындағы «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық және сауықтыру орталығында Республикалық астрономиялық жаттықтыру болып өтті.






