+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Облыстық сурет конкурсын өткізу ережесі
06 Қаз, 03:01

І. Жалпы ереже

Аталған Ереже облыстық сурет конкурсының мақсаты мен міндеттерін, өткізу ережелері мен шарттарын белгілейді (ары қарай - Конкурс).

Облыстық Конкурстың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығы (ары қарай - ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы) болып табылады.

Мақсаты мен міндеттері:

- суреттен қабілеті бар оқушыларды анықтау;

- балалардың шығармашылық қабілеттерін ашу, дамыту;

- балалар арасында түрлі шараларды ұйымдастыруды іске асыру.

ІІ. Конкурсты ұйымдастыру комитеті   

Конкурсты ұйымдастырып, өткізу үшін ұйымдастыру комитет құрылады (ары қарай- Ұйымдастыру комитеті).

Ұйымдастыру комитеті:

- конкурсты әзірлеу мен өткізуді тікелей басшылыққа алып, жүзеге асырады;

- қазылар алқасының құрамын қалыптастырып бекітеді;

- конкурсқа қатысуға өтініштер мен қажетті жұмыстарды қабылдайды;

- конкурсқа талдау жасап, қорытындылайды, жеңімпаздарды марапаттайды.

ІІІ. Конкурсты ұйымдастыру мен өткізу шарттары

Конкурс төмендегі жас ерекшеліктеріне қарай өткізіледі:

-        5-6 сыныптар;

-        7-8 сыныптар;

-        9-10 сыныптар.

Конкурсқа әр ауданнан (қаладан), дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден 3 оқушыдан (әр жас ерекшеліктері бойынша 1 оқушыдан) қатысады.

Конкурс екі айналымда өткізіледі:

1-айналым (үй тапсырмасы):

- Конкурсқа қатысушы «Мен тұратын мемлекет» тақырыбында 1 сурет салып әкелуі қажет (суретке ат қою қажет).

Жұмысқа қойылатын талаптар:

1) Қатысушы салған суретін ата-анасының немесе мұғалімнің көмегінсіз орындауы керек;

2) Жұмыстарды түрлі техникада (гуашь, тушь, пастель, графика, аралас техникалармен және т.с.с.)А3 форматында орындау керек;

3) Жұмыстар талапқа сай орындалып, келесі мәліметтер көрсетілуі тиіс: Қатысушының А.Ж.Т. (толығымен), жасы, жұмыстың атауы, қала (аудан), мектебі, сыныбы, мұғалімінің А.Ж.Т. (толығымен).

4) Салған жұмысын қорғауға 2 минутқа дейін уақыт беріледі.

2-айналым (іштей):

-        әр жас ерекшелік топқа белгілі тақырып беріледі.

-        қатысушы берілген тақырыпқа сәйкес 1 сурет салады.

-        жұмысты орындауға 120 минут уақыт беріледі.

Конкурсқа қатысушылар өзімен бірге жұмысқа қажетті заттарды ала келуі тиіс (қара қарындаш, сия, гуашь т.с.с.)

VI.          Конкурс жұмыстарын бағалау критерийлері

Конкурс жұмыстары келесі өлшемдер бойынша бағаланады:

- жұмыс атауының алынған тақырыпқа және мазмұнына сәйкестігі;

- тақырыптың ашылуы;

- өзіндік шешімі және орындалу шеберлігі;

- дербестігі, шығармашылық тұрғыдан келуі;

- жұмыстың сапалы орындалуы;

- талаптарға сай болуы;

- эстетикалылығы.

I.               Қаржыландыру

Конкурсты қаржыландыру құрастырылған және бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.

II.            Марапаттау

Конкурс жеңімпаздары дипломдармен марапатталады, барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етіледі