+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Іс-шаралар хабарламасы
Шығыс Қазақстанның дарынды оқушылары Грузия елінде
2015 жылы 01-07 мамырда Грузия астанасы Тбилиси қаласында жас зерттеушілердің халықаралық олимпиадасы өткізілді.
Дарынды балаларға – талантты ұстаз
2015 жылдың 4-5 мамары аралығында Петропавл қаласындағы М. Жұмабаев атындағы педагогикалық колледж базасында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» атты X Халықаралық педагогикалық олимпиадасын өткізді.
Биология пәнінен облыстық олимпиаданың қорытындысы
2015 жылы 18 сәуірде Семей қаласындағы Мемлекеттік Медицина университетінде Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығымен бірлесе биология пәнінен IV облыстық олимпиада өтті. Шығыс Қазақстан облысы бойынша олимпиадаға 11 сыныптан 288 оқушы қатысты.
Ұлы Жеңіс Күнінің  70 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерді жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн - Ұлы Жеңіс Күнінің 70 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
Шығыс Қазақстанның жас зерттеушілерінің Мәскеудегі жетістіктері
2015 жылғы 1-6 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Мәскеу қаласында өткен «Математика және жобалау» халықаралық конкурсына қатысты.
11-сынып оқушыларының арасында математика, физика, химия, география, сурет пәндері бойынша Д. Серікбаев атындағы аймақтық олимпиадасын өткізу туралы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетімен бірлесіп 2015 жылы 11 мамырда 11-сынып оқушыларының арасында математика, физика, химия, география, сурет пәндері бойынша Д. Серікбаев атындағы аймақтық олимпиадасын өткізетінін хабарлаймыз.
Санкт-Петербург жас дарындарды қарсы алуда
2015 жылдың 19-25 сәуірі аралығында Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары Санкт-Петербург қаласында Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығымен ұйымдастырылған халықаралық бейіндік ауысымға қатысып қайтты.
ШҚО дарынды оқушылары жалпыресейлік олимпиадасында
2015 жылдың 19 - 26 сәуірі аралығында облысымыздың дарынды оқушылары Мәскеу облысы Королев қаласында өткен «Адам-Жер-Ғарыш» атты қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының жалпыресейлік олимпиадасында аймақтың намысын қорғады.
Жақсы кітап – жан азығы!
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы және Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2014 жылғы қыркүйек айынан 2015 жылдың сәуір айына дейін балалар мен жасөспірімдерге арналған «Кітап оқитын адам – табысты адам» республикалық байқаудың І кезеңін өткізді.
Дарынды оқушылардың Мәскеудегі триумфты жеңісі
2015 жылы 7-11 сәуір аралығында ШҚО білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Мәскеу қаласында Бүкілресейлік В.И. Вернадский атындағы жасөспірімдер арасындағы зерттеу жұмыстарының конкурсында облысымыздың намысын дарынды оқушыларымыз қорғап қайтты.
Облыстық «Абай және Махамбет оқуларын» өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-прпактикалық «Дарын» орталығы облыстық жалпы білім беретін оқу орындарының 5-10 сынып оқушыларының арасында 2015 жылғы 15 мамырында облыстық Абай оқулары, 22 мамырда облыстық Махамбет оқулары өткізілетінін Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.
Ұлы ұстаз рухына
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қолдауымен Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы мен өңірлік ғылыми-практикалық "Дарын" орталығы бірлесіп 2015 жылдың 21-24 сәуірі аралығында Өскемен қаласындағы «Нұрорда» халықаралық мектебінде Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасын өткізді.

бiрiншiсi 1 157 158 159 160 161 212 соңғысы