І. Жалпы ереже
Аталған Ереже облыстық «Алтын дауыс» вокалистер конкурсының мақсаты мен міндеттерін, өткізу ережелері мен шарттарын белгілейді (ары қарай - Конкурс).
Облыстық Конкурстың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығы (ары қарай - ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы) болып табылады.
Мақсаты мен міндеттері:
- шығармашыл балаларды анықтау, дамыту және оларға қолдау көрсету;
- сахнада ән айта білу шеберліктерін хабарластыру;
-.жас вокалистерге шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру.
ІІ. Конкурсты ұйымдастыру комитеті
Конкурсты ұйымдастырып, өткізу үшін ұйымдастыру комитет құрылады (ары қарай- Ұйымдастыру комитеті).
Ұйымдастыру комитеті:
- конкурсты әзірлеу мен өткізуді тікелей басшылыққа алып, жүзеге асырады;
- қазылар алқасының құрамын қалыптастырып бекітеді;
- конкурсқа қатысуға өтініштер мен қажетті жұмыстарды қабылдайды;
- конкурсқа талдау жасап, қорытындылайды, жеңімпаздарды марапаттайды.
ІІІ. Конкурсты ұйымдастыру мен өткізу шарттары
Конкурс 2015 жылы 17-20 қарашада жалпы білім беретін мектептер мен облыстық мамандандырылған мектептердің 5-10 сынып оқушылары арасында болады.
Конкурс екі айналымда өткізіледі:
«Халықтық ән айту» - халықтық әндер, авторы белгілі халықтық стильдегі әндер;
«Эстрадалық ән айту» - кең таралған эстрадалық әндер, джаз шығармалары.
Конкурсқа әр ауданнан (қаладан), дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден 2 оқушыдан (әр қатысушы екі номинация бойынша) қатысады.
Конкурсқа қатысушыларда музыка аспаптары (аспаптық фонограмма – минус 1), USB-жинақ флешкасында минус 1 фонограммасы болуы шарт.
Қатысушыларды тіркеу үшін 2015 жылдың 10 қарашасына дейін Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 79 (ШҚ ӨҒПО «Дарын») тел/факс 8/7232/552012 немесе vk_daryn@ mail.ru электронды мекен-жайына аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары немесе облыстық мамандандырылған мектептердің директорларының қолы қойылған келесі үлгідегі өтінімді жіберу қажет:
|
№ |
Қатысушының аты-жөні
|
Аудан, қала |
Мектеп |
Сынып |
Сазгердің аты-жөні, шығарма атауы, ұзақтығы |
Оқытушының аты-жөні, байланыс телефоны |
|
|
|
|
|
|
1 номинация 2 номинация |
|
IV. Конкурсқа қатысушыларды бағалау критерийлері
Шығарма ұзақтығы 4 минуттан аспауы тиіс.
Қатысушылардың өнері келесі критерийлер бойынша 10 балдық жүйемен бағаланады:
-көркем шығарманың орындалу деңгейі;
- вокалдың интонация тазалығы;
- вокалдық техниканы меңгеруі;
- дыбыстың сапасы;
- шығармалардың қатысушылар жасына сәйкестігі.
V. Қаржыландыру
Конкурсты қаржыландыру құрастырылған және бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады. Қатысушылар мен жетекшінің жол шығындары жіберуші жақ есебінен.
VI. Марапаттау
Конкурс жеңімпаздары грамотамен марапатталады, барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етіледі.