Іс-шаралар хабарламасы
Благодарим коллектив центра "Дарын"
08 Мау, 12:17
Благодарим коллектив центра "Дарын" за активную работу с детьми, за предоставленную возможность участия нашего сына на Республиканской олимпиаде по робототехнике, в международном конкурсе по робототехнике, за подаренный праздник на Президентской елке.
Семья Ильиных 2015г.
Шығыста өткен Махамбет жыры
26 Мамыр, 03:32
2015 жылғы 22 мамырда ШҚО білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы VI Махамбет оқуларын өткізді.
Жас қыл қалам шеберлерінің шығармашылығы
25 Мамыр, 03:04
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы сурет және қолданбалы өнерден қабылеті бар оқушыларға қолдау көрсету, олардың шығармашылық қабілеттерін жандандыру мақсатында «Қазақстан жаңа әлемде» атты облыстық облыстық сурет және қолданбалы өнер туындылары байқауын өткізді.
Жас зияткелер «Жас математик» және «Жас физик» олимпиадасында
19 Мамыр, 09:38
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейімен бірлесе отырып, 2015 жылдың 14 мамырында «Жас математик» және «Жас физик» облыстық олимпиадасын өткізді.
Д. Серікбаев атындағы аймақтық олимпиаданың қорытындысы
19 Мамыр, 09:23
2015 жылдың 11 мамырында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетімен бірлесіп 11 сынып оқушыларының арасында химия, математика, физика, география және сурет пәндері бойынша аймақтық олимпиада.өткізді.
Ұлы ақынның 170 жылдығына арналады
18 Мамыр, 11:20
2015 жылдың 15 мамырында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтойына орай өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы облыстың жалпы білім беретін оқу орындары оқушылары арасында республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңін өткізді.
Қадірлі ғалымдармен қатарлас...
15 Мамыр, 12:15
2015 жылдың 14 мамырында облыстың дарынды оқушылары ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының арнайы шақыртуымен инновация және жаңа технологиялар бойынша облыс әкімі Д. Ахметовтың төрелік етуімен өткізілген Кеңес аясында инновациялық идея және облыстың ғылыми потенциалы атты көрмеге қатысты.
2015 жылы 02 - 11 мамыр аралығында Ереван (Армения) қаласында оқушылардың химиядан Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтті.
«Сәйгүлік» облыстық олимпиаданың қортындысы
13 Мамыр, 03:35
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын орталығы Халықаралық «Нұрорда» мектебімен бірлесіп Өскемен қаласында 5-7 сынып оқушылары арасында «Сәйгүлік» математика-логикалық олимпиадасын өткізді.
Жалпы білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер оқушыларды онлайн режимінде алтыншы тестілеудің қорытындысы
06 Мамыр, 09:57
2015 жылы 26 сәуірде өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетімен бірлесіп облыс мектептерінің оқушыларын «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер оқушыларды он-лайн режимінде тестілеуден өткізді.
Үлы Жеңістің 70 жылдығына арналады
06 Мамыр, 09:43
2015 жылдың 19 сәуірі мен 2-3 мамыры күндері Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «ШҚО хореографтар ассоциациясы» қоғамдық бірлестігімен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Дарындар шұғыласы» халықаралық би байқауын өткізді.
«Тарих – ата» білгірлері анықталды
06 Мамыр, 09:38
2015 жылдың 3-5 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары Щучье қаласының «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасының қорытынды кезеңіне қатысты.



