+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» атты облыстық авторлық өлеңдер байқауын өткізу ЕРЕЖЕСІ
23 Қар, 11:17

I. Жалпы ереже

Аталған ереже облыстық «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» атты авторлық өлеңдер байқауының ұйымдастыру және өткізу тәртібін, қорытындысын шығаруды белгілейді (ары қарай – Байқау).

Облыстық байқаудың ұйымдастырушысы: Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығы (ары қарай - ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы).

Байқаудың мақсаты:

-.өскелең ұрпақты патриотизмге және Қазақстанның дәстүрі мен тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

- дарынды оқушыларды анықтау, болашақта олардың дамуына ықпал ету;

-.ұлттық құндылықтар мен өмірлік адамгершілік-эстетикалық қағидаларын қалыптастыру.

II. Байқауды ұйымдастыру комитеті

Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (ары қарай - Ұйымдастыру комитеті).

Ұйымдастыру комитеті:

- байқаудың дайындығы мен өткізілуіне байланысты сұрақтар бойынша шешім қабылдап, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

- қазылар алқасының құрамын бекітіп, ұйымдастыру сұрақтарын шешеді;

- байқауға қатысуға өтініштер қабылдайды;

- байқаудың өткізілу түрін анықтайды;

- бағалау өлшемдерін анықтайды;

-.байқауға талдау жасап, қорытындылайды, жеңімпаздарды марапаттайды.

ІІІ. Байқауға қатысушылар

Байқау жалпы білім беретін мектептер мен облыстық мамандандырылған мектептердің 5-10 сынып оқушылары арасында келесі жас ерекшеліктеріне қарай өткізіледі:

- 5-7сыныптар;

- 8-10 сыныптар.

Байқауға әр ауданнан (қаладан), дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден 4 жұмыс қабылданады.

IV. Байқауды ұйымдастыру мен өткізу шарттары

Байқауға қатысушы ұйымдастыру комитетіне өзі шығарған өлең шумақтарын жіберу қажет.

Жұмыстар қалалық (аудандық) білім бөлімдері басшыларының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің директорларының қолы қойылған өтінішпен қоса жіберіледі.

Жұмыстар электронды немесе қағаз түрінде беріледі.

Өлең жолдарының көлемі – төрт шумақтан (16 жол) кем емес. Бір қатысушы 1 өлең ұсына алады.

Әр аудан (қаладан) немесе дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден 4 жұмысқа дейін қабылданады.

Жұмыстар 2015 жылдың 7 желтоқсанына дейін Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 79 мекен-жайында қабылданады.

Жіберілген жұмыстарға рецензия берілмейді және қайтарылмайды.

V. Жұмыстарға қойылатын талаптар

Өлеңді бағалау талаптары:

- сауаттылығы, әдеби тілге сәйкестігі;

- көркемділігі мен мазмұндылығы (көркем образ бойынша берілген - ойы, сезімі, алабұртуы);

- поэтикалық сауаттылығы (өлшем, ырғақ, ұйқас, әуенділік);

- байқау тақырыбының ашылуы мен сәйкестігі;

- шығармашылық көзқарас;

- өлеңнің тереңділігі, логикалық байланысы, композициялығы.

VI. Қорытындылау. Марапаттау.

Байқаудың қорытындысы 14 желтоқсанға дейін шығарылып, www.shygysdaryny.kz сайтында жарияланады.

Байқау жас ерекшеліктеріне қарай бағаланады.

Жеңімпаздар грамоталармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етіледі.

VII.Байқауды қаржыландыру

Байқауды қаржыландыру құрастырылған және бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.