+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХІХ Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі
Іс-шаралар хабарламасы
Жалпы ережелер 1. Осы Ереже Қазақстан Републикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған белсенділер мен көшбасшылардың «Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» аймақтық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастыруды қамтамасыз ету, өткізу тәртібі және қаржыландыру, конкурсқа қатысуды және жеңімпаздер мен жүлдегерлерді анықтайды.
 5-11 сынып оқушыларына арналған «Crazy holidays!» күзгі каникул ауысымы өткізуі туралы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2016 жылдың 31 қазаны мен 5 қарашасы аралығында «Дарын» оқыту-сауықтыру базасында (Таулы Үлбі) 5-11 сынып оқушыларына арналған «Crazy holidays!» күзгі каникул ауысымы өтетінін назарларыңызға салады.
Өңірлік белсенділер мен көшбасшылардың «Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» атты байқауын өткізуі туралы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы жаңа заман ұрпақтарын ұлттық сана-сезімі жоғары, қоғамның белсенді мүшесі ретінде, патриоттық сезімін, тарихи санасын тәрбиелеу; мемлекетіміздің тұрақтылықтылығын сақтау, тәуелсіздігі мен қауіпсіздігі үшін белсенді әрі нақты қадам жасауға дайын жастарды тәрбиелеу мақсатында өңірлік белсенділер мен көшбасшылардың «Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» атты байқауын (бұдан әрі-Байқау) өткізетінін хабарлайды.
ХV - ші РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ДОСТЫҚ» АТА-АНАЛАР СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ КЕЗЕҢІ
2016 жылдың 22-қазанында Семей қазақ-түрік лицейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қазақ-түрік лицейлері ата-аналары арасында өтетін дәстүрлі ХV-ші республикалық «Достық» спартакиадасының аймақтық кезеңі өтті.
«ПОНИ - мектепке дайындал!» «Палитра» турнирінің бірінші кезеңін өткізу туралы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2016 жылдың 7-10 қарашасы аралығында Халықаралық зияткерлік «Үркер» орталығы «Дарын» РҒПО қолдауымен «ПОНИ - мектепке дайындал!» «Палитра» турнирінің бірінші кезеңін (бұдан әрі - Турнир) өткізетіндігін назарларыңызға салады.
Оқушыларға арналған математика, физика, химия, биологиядан Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңін өткізу қорытындысы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2016-2017 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2016 жылдың 20 қазанында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми - практикалық «Дарын» орталығы 11 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математика бағыты пәндерінен Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өткізілді.
Логикадан «Асыл тас» облыстық зияткерлік конкурсын өткізуі туралы
2016 жылдың 15 қарашасында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы жалпы білім беретін мекемелердің 1-10 сынып оқушылары арасында логикадан «Асыл тас» облыстық зияткерлік конкурсын өткізеді.
Достықта шекара жоқ
Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі мен Шығыс Қазақстан облысының ынтымақтастықтың Жол картасы шеңберінде ҚХР Алтай аймағы СУА ауданынан 2016 жылдың 13 - 17 қазан аралығында Өскемен қаласына делегация келіп қайтты.
Шығыс Қазақстандық жас зерттеушілері «Зерде» конкурсында
2016 жылдың 14 қазанында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 1-7 сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсынының облыстық кезеңін өткізді.
ШҚО мұғалімдері «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсынан жетістіктермен оралды
Бүгінгі күні білім берудің сапасына, мұғалім еңбегінің тиімділігіне және жағдайының жақсаруына ерекше көңіл бөлінуде. Осы орайда «Дарын» республикалық ғылыми-практкалық орталығы мұғалім мамандығының мәртебесін көтеру, дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдары мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін дамытуға ықпал ету мақсатында ағымдағы жылдың 12-13 қазаны күндері Алматы қаласында дәстүрлі «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсын өткізді.
1. Жалпы ережелер 1. Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиадаларды ұйымдастыру және өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Олимпиада) республикалық олимпиаданың жалпы білім беретін пәндер бойынша жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын барлық білім беру ұйымдарының оқушыларын, оны ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн анықтайды.
І. Жалпы ережелер 1.Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңін (бұдан әрі – Конкурс) жыл сайын Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының (бұдан әрі – білім басқармасы) Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» орталығы) өткізеді.

бiрiншiсi 1 … 145 146 147 148 149 … 214 соңғысы