+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХІХ Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі
Іс-шаралар хабарламасы
Республикалық өзін-өзі тану пәні олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы
2020 жылдың 26 ақпанында дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық өзін-өзі тану пәні олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді. Олимпиада С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында өтті.
Облыстық мамандандырылған мектептердің 8 сыныптар арасындағы  «Ғылым және жаңалықтар әлемі» бейіндік ауысымының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – Орталық) 2020 жылдың 27 ақпаны мен 1 наурызы аралығында облыстық мамандандырылған мектептердің 8 сынып оқушылары арасында «Ғылым және жаңалықтар әлемі» бейіндік ауысымы (бұдан әрі – Ауысым) өткізеді.
Мамандықтар әлемін ашамыз
2020 жылдың 25 ақпанында Өскемен қаласында «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының аймақтық кезеңі өтті, оның негізгі мақсаты қазіргі студенттерге мамандық таңдау туралы шешім қабылдауға көмектесу. Бұл іс-шараға Шығыс Қазақстанның түкпір-түкпірінен 100-ге жуық мектеп оқушылары жиналды.
Шайбалы хоккейден Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының балалар мен жасөспірімдер командалары арасында «Жұлдызша» аймақтық ойындарын өткізу туралы АҚПАРАТ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жұмыс жоспарына сәйкес 25 ақпан күні Семей қаласы, Озерка ауылының хоккей қорапшасында шайбалы хоккейден Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының балалар мен жасөспірімдер командалары арасында «Жұлдызша» аймақтық ойыны өткізілуде.
«Смарт Сарбаз – 2020» компьютерлік таланттардың қашықтықтан  облыстық чемпионатының қорытындысы.
«Кадрлар даярлау мен әскери-патриоттық тәрбие беру аясында болашақ әскери инженерлерді, ІТ-мамандарды, робототехниканы, жасанды интеллект бойынша мамандарды өсіру қажет. Бұл Smart ұрпағы» Қасым-Жомарт Тоқаев
Шайбалы хоккейден Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының балалар мен жасөспірімдер командалары арасында «Жұлдызша» аймақтық ойындарын өткізу туралы АҚПАРАТ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жұмыс жоспарына сәйкес 19-21 ақпан аралығында екі аймақта шайбалы хоккейден Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының балалар мен жасөспірімдер командалары арасында «Жұлдызша» аймақтық ойыны өткізілді.
Кеңейтілген оқу-әдістемелік Кеңестің екінші күні
Кеңейтілген оқу-әдістемелік Кеңестің екінші күні қатысушыларға мектепке дейінгі және кіші жастағы мектептегі оқушылармен, әскерилендірілген мектеп-лицей-интернатындағы тәрбиеленушілермен, ғылыми-оқу зерттеу орталығының алаңына айналған мектеп оқушыларымен жүзеге асырылып жатқан білім беру ұйымдарындағы оқу үрдісімен танысуға мол мүмкіндік тудырды.
1. Жалпы ереже 1.1. Осы ереже Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған суда құтқару көпсайысы бойынша IV облыстық турнирдің (бұдан әрі-Турнир) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуін, өткізу және қаржыландыру тәртібін, қатысуы мен жүлдегерлерін анықтау тәртібін айқындайды.
Республикалық кеңейтілген оқу-әдістемелік Кеңесінің қорытындысы
2020 жылдың 19-20 ақпаны аралығында Өскемен қаласында «Оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік: құралдар мен мүкіндіктер» тақырыбында республикалық кеңейтілген оқу-әдістемелік кеңесі өткізіледі.
ШҚО-ның оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсына қатысу қорытындылары
2020 жылдың 11-14 ақпаны аралығында жас зерттеушілерден құралған Шығыс Қазақстан облысының командасы жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсына қатысты.
Шайбалы хоккейден Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының балалар мен жасөспірімдер  командалары арасында «Жұлдызша» аймақтық ойындарының  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылғы 19ақпан-6 наурыз аралығында шайбалы хоккейден Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының балалар мен жасөспірімдер командалары арасында «Жұлдызша» аймақтық ойындары өткізіледі.
9-11 (ұлдар, қыздар) сыныптар арасында волейболдан «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңінің өткізілуі туралы ақпарат
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жұмыс жоспарына сәйкес 9-13 ақпан аралығында 9-11 (ұлдар, қыздар) сыныптар арасында волейболдан «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңін өткізді.

бiрiншiсi 1 … 103 104 105 106 107 … 214 соңғысы