+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Республикалық «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты өлкетану сәндік-қолданбалы өнер көрмесінің облыстық қашықтық кезеңінің өткізілу Ережесі
16 Сәу, 16:20

І. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты республикалық өлкетану сәндік-қолданбалы өнер көрмесінің облыстық қашықтық кезеңінің (бұдан әрі – Көрме) мақсаттарын, міндеттерін, өткізілу тәртібін және қаржыландыруды анықтайды.

2. Көрменің ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу - әдістемелік орталығы», Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (ары қарай - ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).

3. Мақсаты: балалардың сәндік-қолданбалы шығармашылығын дамытуға жан-жақты ықпал ету; қатысушыларға жарыс түрінде өз шығармашылық қабілеттерін дамытуға және көсретуге мүмкіндік беру; көркемдік және сәндік-қолданбалы шығармашылық саласында тәжірибе алмасу.

4. Міндеттері:

білім алушылардың көркемдік және халықтық қолданбалы шығармашылыққа және мәдени мұраға назарын аударту;

оларды белсенді шығармашылық қызметке араластыру;

өз бетінше жұмыс істеуді, жұмысқа деген шығармашылықты және жеке тәсілді дамыту; 

шығармашылықпен араласу алаңын құру, көрмеге қатысушылар арасында достық қарым-қатынасты дамыту;

көркем-эстетикалық талғамды дамыту және жас шеберлерді қазақ халқының мәдениеті мен өнерінің үздік үлгілеріне араластыру;

балалардың бойында патриотизм сезімін, ұлттық мәдениетке, Қазақ халқының дәстүрлерін құрметтеу және ықыласпен қарау көзқарасын тәрбиелеу.

5. Көрме ұйымдастырушылары ұйымдастыру комитеті мен Көрме қазылар алқасының құрамын құрайды.

 

2. Көрме қатысушылары

 

6. Көрмеге облыстың білім беру мекемелерінің 2003-2010 жылғы туылған оқушылары қатысады.

7. Көрмеге қатысу квотаға сәйкес жүзеге асырылады (Қосымша 1).

 

3. Көрменің талаптары

 

8. Көрме 3 кезеңнен тұрады:

1) бірінші кезең - аудан/қала (біліктілік);

2) екінші кезең - аймақтық (қашықтан) - 2020 жылдың 18 мамырына дейін;

3) үшінші кезең - республикалық (қорытынды) - 2020 жылдың қыркүйегінде.

9. 2-қосымшаға сәйкес қатысушылар туралы мәліметтер көрсетілген өтінімдер және көрменің жұмыстары (жұмыс фотосуреттері және жұмысқа бейне жазу) аудандардың, қалалардың білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған vk_daryn@mail.ruэл. поштасына электрондық форматта 2020 жылдың 18 мамырына дейін жіберіледі. Көрменің нәтижелері 2020 жылдың 25 мамырына дейін жарияланады.

10. Көрмеге əртүрлі жанрлар, техникалар мен материалдар бойынша авторлық (жеке) жұмыстар қабылданады: əр номинацияға бір қатысушыдан 5 жұмыстан артық емес (бір бала бір номинацияға қатысады):

1) «Жарамсыз материалдардан жасалған бұйым»;

2) «Табиғи материалдардан жасалған бұйым»;

3) «Тұрмысқа арналған креативті бұйымдар»;

4) «Ұлттық колориті бар интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйдің, бөлменің, саяжайдың, ландшафтың және т.б.»;

5) «Матадан жасалған бұйымдар (құрақ техникасы, жұмсақ ойыншық және т.б.)»;

6) «Өңірдің көркемдік және халықтық қолөнері».

11. JPEG форматтағы фотосуреттері (әр тараптан) ұйымдастыру комитетіне жіберіледі, сонымен қатар жұмысты аяқтаған қатысушылардың ілеспе бейне сипаттамасы. Қатысушы өзін видеода таныстыруы керек: аты, тегі, жасы, білім беру ұйымының атауы, жұмыс атауы, сонымен қатар жұмыстың қысқаша сипаттамасы (орындау техникасы, күнделікті өмірде маңызы және т.с.с. (2 минуттан аспайды)).

12. Көрмеге қатысу келесі критерийлер бойынша бағаланады:

шығармашылық тәсіл:

тақырыпқа сәйкестігі,

көркемдік талғамы, ерекшелігі;

композициясы;

түстік шешімі, колориті;

сапасы:

таңдалған техниканы меңгеруі;

жұмыстың эстетикалық түрі және безендіруі;

орындау сапасы және ұқыптылығы;

бұйымның немесе көркемдік жұмыстың күрделілігі;

ұсынылған бұйымдардың тазалығы мен экологиялығы;

қатысушының сыртқы келбеті;

ақпараттың қызықты көрінісі;

баяндаушының сөйлеу мәдениеті.

13. Көрмеге арналған материалдарды ұйымдастыру комитетіне қабылдау автордың әлеуметтік желілерде және автордың сілтемесі бар ұйымдастырушылардың сайтында жариялауға келісімі ретінде қарастырылады.

14. Біреудің материалдары мен интернеттен алынған материалдарды пайдалануға тыйым салынады.

 

4. Жеңімпаздарды марапаттау

 

15. Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Жүлделі орындарға ие болмаған қатысушыларға сертификат беріледі. Көрменің үшінші кезеңінің жеңімпаздарын дайындаған мұғалімдерге алғыс хаттар жіберіледі.

 

5. Байқауды қаржыландыру

 

16. Көрмені ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығыбекітілген сметаға сәйкес қаржыландырады