+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Іс-шаралар хабарламасы
Экономикадан облыстық олимпиаданы өткізу туралы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2012-2013 оқу жылының жұмыс жоспарына сай, экономикаға ғылым ретінде қызығушылық білдіретін оқушыларды анықтау, қолдау көрсету және дамыту мақсатында экономика бойынша облыстық олимпиада өткізеді.
Халықаралық «Алтын жабағы» ойын конкурсын өткізу туралы
2013 жылдың 15-18 ақпаны аралығында Қазақстанның Ресеймен білім бірлестігі шеңберінде оқушыларды әлемнің көркем мәдениетінімен қауышуына ықпал ету, өз беттерімен жұмыс жасай білу мақсатында республикалық ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы Ресей білім Академиясымен бірлесе отырып оқушылыр арасында (3-11 сыныптар) «Золотое руно – Алтын жабағы» халықаралық ойын конкурсын өткізеді.
VII экологиядан оқушылардың республикалық олимпиадасын өткізу туралы
Семей мемлекеттік педагогикалық институтының (СМПИ) экология - химия және география пәндері кафедрасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік «Дарын» ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе 2013 жылдың 19-нан 21 дейін Білім және ғылым министрлігінің 21.05.2008 жылғы№282 бұйрығына сәйкес VII экологиядан оқушылардың республикалық олимпиадасын өткізеді.
Облыстық «Малахит» интелектуалдық конкурсын өткізу туралы
2013 жылдың 29 қаңтарында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы жалпы білім беретін мектептердің 2-11 сынып оқушылары арасында математика пәнінен облыстық интеллектуалдық «Малахит» конкурсын өткізеді.
Көктемгі ФИДЖИП–ЕВРОТАЛАНТ шығармашылық мектеп
Дарынды балаларды қолдау және олардың дарындылығын дамыту жағдайларын жасау мақсатында дарынды балалармен жұмыс аясындағы Халықаралық қызметтестікті кеңейте отырып, Европада Халықаралық шығармашылық мектептер қатарын жүргізу жоспарланып отыр.
Қашықтықтан оқытатын облыстық семинар өткізу туралы
Білім сапасын арттыру және дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2012 жылы 3-15 желтоқсан аралығында «Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында қашықтықтан оқыту семинарын өткізуді жоспарлап отырғандығын хабарлаймыз.
Халықаралық «British Bulldog» ойын конкурсын өткізу туралы
Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Ресей білім Академиясының институты және British Institutes пен бірлесіп, оқушылардың ағылшын тіліне қызығушылықтарыны арттыру, тіл білімі саласында дарынды балаларды анықтау, шет тілдер бойынша сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды белсендіру, ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мақсатында 2012 жылы 19 желтоқсанда алтыншы «British Bulldog» конкурсын өткізеді.
«Жарқын болашақ» олимпиадасын өткізу туралы ақпарат
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен 7-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен дәстүрлі «Жарқын болашақ» олимпиадасы өтетінін хабарлайды.
Қысқы ФИДЖИП–ЕВРОТАЛАНТ шығармашылық мектеп
Дарынды балаларды қолдау және олардың дарындылығын дамыту жағдайларын жасау мақсатында дарынды балалармен жұмыс аясындағы Халықаралық қызметтестікті кеңейте отырып, Европада Халықаралық шығармашылық мектептер қатарын жүргізу жоспарланып отыр.
Облыстық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің іріктеу кезеңінің қорытындысы туралы
Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы инновациялық технологияларды әзірлеп, енгізіп жүрген мұғалімдердің және педагогикалық ұжымдардың жетістіктерін насихаттау және шығармашылықтарын көрсете білуге жағдай жасау үшін облыстық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалін өткізеді.
Жас журналистердің облыстық конкурсын өткізу туралы ақпараттық хабар
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы қазақстандық патриотизмді және әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында Қазақстанның тұңғыш Президенті күніне арналған «Жарқын болашаққа бастаған Ұлт көшбасшысы» тақырыбындағы жас журналистердің облыстық конкурсын өткізуді жоспарлауда екендігін сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.
Логикадан облыстық «Асыл тас» интеллектуалдық конкурсын  өткізу туралы
Жалпы білім беретін мектептердің 3-10 сынып оқушылары үшін логикадан өткізілетін «Асыл тас» облыстық интеллектуалдық конкурсы 2012 жылдың 6 қарашасынан 15 қарашасына ауыстырылды.

бiрiншiсi 1 41 42 43 44 соңғысы