+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Л.Н. Толстой және Қазақстан» атты Халықаралық шығармашылық тарихи - әдеби конкурсын өткізу туралы ақпарат
12 Ақп, 11:24

Сіздердің назарларыңызға Республикалық ғылыми - практикалық  «Дарын» орталығы Л.Н. Толстойдың орыс классикасы мен әлемдік әдебиетінің Орал қаласына келуіне 150 жыл толуына сәйкес облысымыздың жалпы білім беретін мектептерінің 6 – 10 сынып оқушылары арасында «Л.Н. Толстой және Қазақстан» атты Халықаралық шығармашылық тарихи - әдеби конкурсын өткізетіндігін жеткіземіз.

Халықаралық шығармашылық тарихи - әдеби конкурсын өткізудің мақсаты:

Л.Н.Толстойдың өмірі мен қызметіне байланысты жерлер мен тарихи – мәдени мұрасын насихаттау, Ресей мен Қазақстан халықтарының арасындағы өзара түсінушілік пен достықты нығайту.

Конкурстың ережесі www.daryn.kz. сайтында жарияланған.

Конкурсқа әр ауданнан (қаладан) 2 жұмыстан, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден 1 жұмыстан қабылданады.

Сұраныс түрі:

Аудан/қала

Мектеп

Сынып

Шығармашылық жұмыстардың атауы

 

 

 

 

 

Қалалық, аудандық білім бөлімдерінің бастықтары мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің директорларының қолы қойылып, мөр басылған сұраныстарды, сонымен қатар жұмыстарды 2013 жылдың 04 наурызына дейін төмендегідей мекен-жайға жіберулеріңіз керек: Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі 74, 55-21-12.