Іс-шаралар хабарламасы
2013 жылдың 4- 8 қарашасында Астана қаласының дарынды балаларға арналған №48 мектеп-лицейінің базасында мамандандырылған білім беру ұйымдарының ағылшын тілі және бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Педагогтың кәсіби құзіреттілігін дамыту білім беру сапасын бақылаудың құралы» атты республикалық семинарын өткізеді.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2013 жылдың 4-8 қараша аралығында дарынды қыздарға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернат базасында (Алматы қ.) химия, биология пән мұғалімдері үшін «Дарынды оқушылармен жұмыстың жаңа технологиялары және оларды пән олимпиадаларына дайындау» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізеді.
Дарынды оқушыларды анықтау, оқыту мен дамыту мақсатында республикалық ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы республикалық және халықаралық дәрежедегі бірқатар интеллектуалды шараларды өткізеді.
Облыстық «Қазақстан-жаңа әлемде» конкурсын өткізу туралы
09 Қаз, 04:05
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы сурет және қолданбалы өнердегі дарынды балаларды анықтау және әрбір оқушының жеке қабілетін дамыту, балалардың жеке шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру, туған елдің салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтеуге баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Қазақстан – жаңа әлемде» атты облыстық сурет және қолданбалы өнер туындылары конкурсын өткізетіндігін хабарлайды.
«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының іріктеу кезеңінің қорытындысы туралы ақпарат
27 Қыр, 04:24
2013 жылы «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша, республикалық кезеңнің іріктеу турына дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру мекемелерінен 17 педагог (11 жоба) қатысуға жіберілді.
«Дарын» республикалық ғылыми–практикалық орталығы 2013 жылдың 6-8 қараша аралығында Н. Оңдасынов атындағы Түркістан аймақтық «Дарын» мектеп-интернаты базасында (ОҚО, Түркістан қ.) тарих, география пәндері мұғалімдері үшін қазақ тілінде «Тарихи – өлкетану іс-әрекеттері арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің формалары мен әдістері» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізеді.
«Дарын» РҒПО Кубогына география және этнография пәндері бойынша республикалық қашықтық олимпиадаларын өткізу туралы
26 Қыр, 08:35
«Дарын» республикалық ғылыми–практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты педагогтарды анықтау және оларды қолдау, ынталандыру, мұғалімдердің іскерлік шеберліктерін арттыру мақсатында 2013 жылғы 17-і мен 18-і қазан (сағат 08:00 мен 21:00) аралығында «Дарын» РҒПО Кубогына география және этнография пәндері бойынша республикалық қашықтық олимпиадаларын өткізеді.
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты оқушыларды анықтау және оларды қолдау, интеллектуалды сайыстарға қатысуын ынталандыру мақсатында «Дарын» РҒПО Кубогына 2013-2014 оқу жылында жаңа жоба – қашықтықтан командалық олимпиадасын (бұдан әрі - Олимпиада) өткізітіндігі жайлы хабарлайды.
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты оқушыларды анықтау және оларды қолдау, интеллектуалды сайыстарға қатысуын ынталандыру мақсатында РҒПО «Дарын» Кубогына география және этнография пәндері бойынша республикалық қашықтық олимпиадаларын (бұдан әрі - Олимпиада) өткізітіндігі жайлы хабарлайды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңін өткізу туралы ақпарат
13 Қыр, 08:16
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы оқушыларды зерттеу жұмысына тарту, олардың ғылыми-зерттеу және танымдық қызығушылықтарын арттыру мақсатында жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы (бұдан әрі - Конкурс) өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Қалалық (аудандық) білім бөлімдерінің бастықтарына, дарынды балаларға арналған облыстық мектептердің директорларына
11 Қыр, 06:17
Қазақстан Республикасының интеллектуалдық әлеуетін айқындау, дамыту және дарынды балаларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Республикалық ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы 2013 жылдың 30 қазанында 3-10 сынып оқушылары арасында «Ақ бота» интеллектуалдық марафонын келесі пәндер бойынша өткізеді:
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша республикалық қашықтық олимпиадаларын өткізу туралы
09 Қыр, 11:38
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты оқушыларды анықтау және оларды қолдау, интеллектуалды сайыстарға қатысуын ынталандыру мақсатында «Дарын» РҒПО Кубогына «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша республикалық қашықтық олимпиадаларын (бұдан әрі - Олимпиада) өткізітіндігі жайлы хабарлайды.










