Іс-шаралар хабарламасы
2013 жылдың 23 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2013-2014 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 8-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңін өткізеді.
«Қазақстан – жаңа әлемде» атты облыстық сурет және қолданбалы өнер туындылары конкурсы туралы
14 Қар, 10:41
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы сурет және қолданбалы өнердегі дарынды балаларды анықтау және әрбір оқушының жеке қабілетін дамыту, балалардың жеке шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру, туған елдің салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтеуге баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Қазақстан – жаңа әлемде» атты облыстық сурет және қолданбалы өнер туындылары конкурсын өткізетіндігін хабарлайды. Конкурс мерзімі 2013 жылдың 25 қарашасына дейін ұзартылды.
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы қазақстандық патриотизмді және әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында Қазақстанның тұңғыш Президенті күніне арналған «Жарқын болашаққа бастаған Ұлт көшбасшысы» тақырыбындағы жас журналистердің облыстық конкурсын өткізетіні жайлы хабарлайды.
Халықаралық «British Bulldog» конкурсын өткізу туралы
14 Қар, 10:19
Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Ресей білім Академиясының институты және British Institutes пен бірлесіп, оқушылардың ағылшын тіліне қызығушылықтарын арттыру, тіл білімі саласында дарынды балаларды анықтау, шет тілдер бойынша сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды белсендіру, ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мақсатында 2013 жылы 17 желтоқсанда жетінші «British Bulldog» конкурсын өткізеді.
Денсаулығының мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған "Интеллектуалдық марафон" олимпиадасын өткізу туралы
11 Қар, 08:24
2013 жылы 29 қарашада Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми–практикалық «Дарын» орталығы денсаулығының мүмкіндігі шектеулі интеллектісі сақталған оқушыларға арналған «Интеллектуалдық марафон» облыстық олимпиадасын өткізуді жоспарлайтынын хабарлаймыз.
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру департаменті «ЭкоОбраз» Қоғамдық бірлестікпен бірлесе 2013-2014 жылдары «Энергия және қоршаған орта» энергияны үнемдеу бойынша оқушылар жобаларының Халықаралық конкурсының Ұлттық кезеңін өткізетіндігін сіздердің назарларыңызға жеткізеді.
Физика пәні бойынша Интернет-олимпиадасын өткізу туралы
08 Қар, 06:14
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы Сіздердің назарларыңызға Санкт-Петербург Ақпараттық технологиялар, механика және оптика Ұлттық зерттеу университетінің ұйымдастырумен физика пәні бойынша Интернет-олимпиадаға тіркеу басталатындығын жеткізеді.
Сіздердің назарларыңызға ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының бірден-бір басты бағыттарының бірі дарынды балаларды оқыту және қолдау көрсету үшін жағдайлар жасау, халықаралық бірлестікті белсенді дамыту болып табылатынын жеткізеді
2013 жылы 20 қарашада Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми - практикалық «Дарын» орталығы жалпы білім беретін мекемелердің 3-10 сынып оқушылары арасында логикадан «Асыл тас» облыстық интеллектуалдық конкурсын өткізеді.
2013 жылдың 02 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 1-7-сынып оқушыларының республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңін өткізеді.
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің ұстаздарына қашықтық интернет олимпиадасын өткізу туралы
28 Қаз, 04:15
«Дарын» республикалық ғылыми–практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты педагогтарды анықтау және оларды қолдау, ынталандыру, мұғалімдердің іскерлік шеберліктерін арттыру мақсатында 2013 жылғы 26-27 қараша (сағат 08:00 мен 21:00) аралығында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері бойынша «Дарын» РҒПО Кубогына республикалық қашықтық олимпиадаларын өткізеді.
О проведении V Евразийской олимпиады по информатике
21 Қаз, 06:27
На основании межправительственных соглашений в области образования, а также на основании договора о сотрудничестве с Санкт-Петербургским национальным исследовательским университетом информационных технологий, механики и оптики Республиканский научно-практический центр «Дарын» Министерства образования и науки РК проводит V Евразийскую олимпиаду по информатике среди школьников (далее-Олимпиада).










