+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХІХ Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі
Іс-шаралар хабарламасы
Бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын өткізу
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы дарынды балаларды анықтау және дамытуға қажетті жағдай жасау, оқушылардың зияткерлік деңгейін көтеру, ғылыми білімді насихаттау мақсатында бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын өткізеді.
Облыстық «Шығыс жұлдызшалары» конкурсын өткізу туралы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы дарынды балаларға арналған валеологиялық арнайы мектеп-кешенімен бірлесіп мектепке дейінгі жастағы балалардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мақсатында зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының облыстық «Шығыс жұлдызшалары» конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізеді.
VIII облыстық «Жарқын болашақ» олимпиадасын өткізу туралы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2016 жылдың 13 ақпанында Семей қаласында, 14 ақпанында Өскемен қаласында 7-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен дәстүрлі «Жарқын болашақ» олимпиадасы өтетінін хабарлайды.
VII республикалық шығарма байқауын өткізу туралы
«Әріптес» үкіметтік емес ұйымдардың Алматылық Конфедерациясы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы мен ЮНЕСКО орталығы Ұлы Жеңістің 71 жылдығы мен Ұлы Отан соғысы басталуының 75 жылдығына орай жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында VII Республикалық шығарма байқауын өткізетіні жайлы хабарлаймыз.
«Қазақстанның күші бірлікте» атты облыстық ұлттық мәдени  фестивалін өткізу туралы
Шығыс Қазақтан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2015 жылдың 11 мен 18 желтоқсаны күндері Шүлбі кентінде «Қазақстанның күші бірлікте» атты облыстық ұлттық мәдени фестивалі өтетіні жайлы хабарлайды.
 Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепшілік/қалалық /аудандық кезеңін өткізу бойынша  ақпараттық хабар
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, республикалық олимпиадаларға оқушыларды іріктеп, дайындау мақсатымен жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өткізілетінін (бұдан әрі – олимпиада) хабарлайды.
«Елбасымен бірге жарқын болашаққа!» атты жас журналистердің облыстық конкурсын өткізу туралы
2015 жылдың 26 қарашасы күні ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу аясында «Елбасымен бірге жарқын болашаққа!» атты жас журналистердің облыстық конкурсын өткізетіні жайлы хабарлайды.
«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты облыстық авторлық өлеңдер байқауын өткізу туралы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай 5-10 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты облыстық авторлық өлеңдер байқауын өткізетіндігін хабарлайды.
Облыстық «Алтын дауыс» вокалистер конкурсын өткізу туралы
Шығыс Қазақтан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2015 жылдың 17-20 қарашасы күндері Шүлбі кентінде «Алтын дауыс» облыстық вокалистер конкурсын өткізетіні жайлы хабарлайды.
Облыстық шахмат турнирін өткізу туралы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі - «Дарын» ШҚ ӨҒПО) Өскемен қаласында 2015 жылдың 21 қазаны күні Халықаралық гроссмейстер Д. Сәдуақасовтың кубогына оқушылар арасындағы республикалық шахмат турнирінің облыстық кезеңін (бұдан әрі - Турнир) өткізетіні жайлы хабарлайды.
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты облыстық шығарма конкурсын өткізу туралы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (ары қарай- ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы) Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты облыстық шығарма конкурсын өткізетіні жайлы хабарлайды.
Республикалық «Үздік жыл психологы» конкурсының  облыстық кезеңінің өткізілуі туралы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2015 жылдың 9 қазанында Өскемен қаласында орта білім беру ұйымдарының психологтары арасында «Үздік жыл психологы» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізеді.

бiрiншiсi 1 … 29 30 31 32 33 … 45 соңғысы