Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2016 жылдың 13 ақпанында Семей қаласында, 14 ақпанында Өскемен қаласында 7-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен дәстүрлі «Жарқын болашақ» олимпиадасы өтетінін хабарлайды.
«Жарқын болашақ» олимпиадасы ережеге сәйкес «Тілші-әдебиетшілер», «Сөз шеберлері», «Әнші бұлбұлдар», Жас ғалымдар», «Жазушылар» атты 5 бағытта, 4 кезеңде өткізіледі:
1 кезең – аудандық: қараша-қаңтар айларында, 2 кезең – облыстық: 13, 14 ақпанда, 3 кезең – республикалық, 4 кезең – халықаралық: 2016 жылдың сәуір айында Астана қаласында өтеді.
Облыстық кезеңге аудандық/қалалық кезеңнен 1-орын алған жеңімпаздар қатысады.
Әр ауданнан (қаладан), облыстық мамандандырылған мектептерден облыстық кезеңге ұсынылатын оқушы саны төмендегідей:
|
Конкурс атауы |
Тобы |
Оқушы саны |
Жиыны |
|
«Тілші-әдебиетшілер» |
қазақ және өзге ұлт |
әр топтан 1 оқушы |
2 оқушы |
|
«Сөз шеберлері» |
қазақ және өзге ұлт |
әр топтан 1 оқушы |
2 оқушы |
|
«Әнші-бұлбұлдар» |
қазақ және өзге ұлт |
әр топтан 1 оқушы |
2 оқушы |
|
«Жас ғалымдар» |
қазақ және өзге ұлт |
әр топтан 1 оқушы |
2 оқушы |
|
«Жазушылар» |
қазақ және өзге ұлт |
әр топтан 1 оқушы |
2 оқушы |
Қатысуға өтінімдерді төмендегі үлгі бойынша 2016 жылдың 05 ақпанына дейін Семей қазақ-түрік лицейіне: т/ф: 8 (7222) 77-15-76, e-mail: Semeyktl@gmail.com, Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 79 (ШҚ ӨҒПО «Дарын») тел/факс 8/7232/552012 немесе vk_daryn@ mail.ru электронды мекен-жайына жіберу қажет:
|
Оқушының аты-жөні |
Аудан, қала |
Мектеп, сынып |
Ұл, қыз |
Конкурс атауы |
Тақырыбы (ән атауы)
|
Дайындаған мұғалімі, байланыс телефоны |
|
|
|
|
|
|
|
|
«Жарқын болашақ» олимпиадасының толық ережелері ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының (http//www.shygysdaryny.kz)сайтында жарияланған.
Қатысушылардың іссапар шығындары (тұратын орны, тамақтануы, жол ақысы) жіберуші білім мекемелерінің есебінен төленеді.
Қосымша ақпараттар алу үшін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 8/7232/700609, Семей қазақ-түрік лицейіне 8/7222/771780, «Нұрорда» МЛ 8/7232/ 60-23-45 хабарласуға болады.