Іс-шаралар хабарламасы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – Орталық) 2017 жылдың 5-7 наурызы аралығында Таулы Үлбіде орналасқан Орталық базасында өнертапқыштық саласындағы республикалық «Шапағат» конкурсының облыстық кезеңі (бұдан әрі – Конкурс) өтетінін назарларыңызға салады.
Жакула Күшікұлы атындағы химия және биология пәндерінен облыстық олимпиаданың БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
29 Қаң, 16:07
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2018 жылғы 11-12 сәуір аралығында Өскемен қаласында Жакула Күшікұлы атындағы химия және биология пәндерінен олимпиаданың облыстық кезеңін өткізеді.
5-11 сынып оқушыларына арналған «Шуағын шашқан көктем!» көктемгі каникул ауысымы өткізу туралы
29 Қаң, 16:04
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2018 жылдың 26-31 наурыз аралығында «Дарын» оқыту-сауықтыру базасында (Таулы Үлбі) 5-11 сынып оқушыларына арналған «Шуағын шашқан көктем!» көктемгі каникул ауысымы өтетінін назарларыңызға салады.
2018 жылдың 5-7 қаңтары аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы оқушылардың жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін (бұдан әрі – Олимпиада) өткізеді.
30 қарашада сағат 9:00-де Металлургтер мәдениет сарайында «Мәңгілік Ел болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылар аймақтық конкурсы
2017 жылдың 25 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 8-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңін өткізеді.
«Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық конкурсының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
16 Қар, 06:44
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды құрамдас бөлігін жүзеге асыру, Қазақстанның мәдени және рухани мұрасын насихаттау, біздің кіші Отанымыздың киелі жерлерін зерттеу аясында 30 қарашада Өскемен қаласында Металлургтер мәдениет сарайында «Шығыс Қазақстан жерлерінің аңыздары, мифтері мен хикаялары» сахналық театрландырылған қойылым конкурсы өтеді. Конкурс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге орайластырылған.
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2017 жылы 13 желтоқсанда жалпы білім беретін білім мекемелерінің 3-11 сынып оқушылары арасында ағылшын тілінен «British Bulldog» халықаралық ойын байқауы өткізілетінін назарларыңызға салады.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепшілік/қалалық /аудандық кезеңін өткізу бойынша ақпарат
09 Қар, 12:10
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, республикалық олимпиадаларға оқушыларды іріктеп, дайындау мақсатымен жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өткізілетінін (бұдан әрі – Олимпиада) хабарлайды.
«БАЛАПАН» ашық зияткерлік байқауын өткізу туралы
01 Қар, 07:04
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2017 жылдың 8 желтоқсанында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің 4-6 жас аралығындағы тәрбиеленушілеріне және жалпы білім беретін мектептердің 1-4 сынып оқушыларына арналған «БАЛАПАН» ашық зияткерлік байқауын өткізетіндігін хабарлайды.
2017 жылы 1-3 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы жаратылыстану-математика бағыты бойынша юниорлық олимпиада (бұдан әрі – Олимпиада) өткізуді жоспарлауда.
Белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық «Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» конкурсын өткізу туралы
30 Қаз, 09:43
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2017 жылғы 30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық «Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» конкурсын (әрі қарай – Конкурс) өткізілетіндігін назарларыңызға салады.











