Іс-шаралар хабарламасы
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын жалпы орта білім беретін, қосымша білім беретін ұйымдардың оқытушылары арасында үздік мастер-классқа облыстық қашықтық байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізетінін хабарлайды.
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты Республикалық өлкетану сәндік-қолданбалы өнер көрмесінің (бұдан әрі - Көрме) облыстық қашықтық кезеңін өткізетінін хабарлайды.
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы облыстың оқу орындары мен қосымша білім беру мекемелерінің 1-10 сыныптары арасында 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында» атты облыстық қашықтық сурет байқауын (бұдан әрі - Байқау) өткізетінін хабарлайды.
Құрметті балалар, ұстаздар және ата-аналар!
14 Сәу, 18:06
Сіздерді Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Жеңістің жұлдызды марафоны» атты әндер мен өлеңдердің облыстық қашықтық әскери-патриоттық фестиваліне қатысуға шақырамыз.
2020 жылдың 17 сәуірінде сағат 15:00-де 5-6 сынып оқушылары үшін онлайн режимде математика және жаратылыстану пәнінен облыстық Кешенді олимпиада өтеді.
2020 жылдың 30 сәуірінде жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 14-17 (18 жасқа дейін) жастағы оқушылары арасында облыстық қашықтық «Бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» байқауы өтеді.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – Орталық) 2020 жылдың 27 ақпаны мен 1 наурызы аралығында облыстық мамандандырылған мектептердің 8 сынып оқушылары арасында «Ғылым және жаңалықтар әлемі» бейіндік ауысымы (бұдан әрі – Ауысым) өткізеді.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылғы 19ақпан-6 наурыз аралығында шайбалы хоккейден Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының балалар мен жасөспірімдер командалары арасында «Жұлдызша» аймақтық ойындары өткізіледі.
«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» Республикалық балалар кинофестивалінің өткізу туралы
21 Қаң, 17:33
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» Республикалық балалар кинофестивалінің (бұдан әрі - Байқау) облыстық кезеңін өткізеді, оған жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының
2020 жылдың 1 наурызына дейін туған 13-17 жас аралығындағы оқушылары қатыса алады.
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2020 жылдың 31 қаңтарда 10-11 сынып оқушылары арасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай қазақ поэзиясының биік шыңы» облыстық қашықтықтан шығармалар байқауын (бұдан әрі - Конкурс) өткізетінін хабарлайды.
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру аясында Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жас ақындар арасында «Жыр Алыбы – Жамбыл» айтысын өткізеді.
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми -әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылдың 22-23 ақпанында республикалық «Мамандықтар әлемін ашамыз» форумының қашықтықтан облыстық кезеңі өткізілетіндігін назарларыңызға салады.











