Зияткерлік дарындылық зертханасы
- өңірлік деңгейде оқушылардың зияткерлік дарындылығын анықтау, дамыту және қолдау көрсетудің жүйесін (жағдайын) жасау;
- облыстың зияткерлік дарынды балаларын анықтау, іріктеу және дамыту әдістемесін жасау;
- облыстың зияткерлік дарынды балаларының деректемелер қорын жасау;
- түрлі бағыттар бойынша өңірлік зияткерлік олимпиадалар, жарыстар мен конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;
- зияткерлік жарыстар мен конкурстарды өткізу бойынша нормативтік-құқықтық құжаттамаларды жасау;
- республикалық және халықаралық деңгейдегі шараларға қатысуға облыстың құрама командаларының мүшелерін дайындау;
- республикалық және халықаралық бейіндік ауысымдарға облыс оқушыларының қатысуын ұйымдасытру;
- облыс қалалары мен аудандары білім беру мекемелерінің дарынды оқушыларын дамытудың негізгі көрсеткіштері бойынша аналитикалық мәлімет дайындау;
- білім қызметкерлерімен оқушылардың зияткерлік дарындылығын дамыту сұрақтары бойынша семинарлар, жиналыстар өткізуге тәжірибелік көмек көрсету.
САДЫКОВА ЖАННА ТОЛЕУХАНОВНА
Зияткерлік дарындылық зертханасының меңгерушісі
Тел. 700-244