Анар Базаровна – ғалым, педагог-практик, оның негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары ботаника, өсімдік биотехнологиясы, фитохимия және қоршаған ортаны қорғау саласында жүргізілді. 120-ға жуық ғылыми еңбектің авторы. Ғалым әрі тәжірибелі педагог ретінде ол биология саласында оқушыларды даярлауға белсене қатысады. Дарынды оқушылармен жұмысқа ерекше көңіл бөледі. Анар Базаровна басқаратын «Биологиялық көптүрлікті сақтау: флора және өсімдік ресурстары» ғылыми мектебінде оқушылар биологияның, қоршаған орта және өсімдік әлемін ұтымды пайдалану, өсімдік биотехнологияларының ғылыми бағытын дамытудың өзекті мәселелерін оқумен айналысады. Соңғы бес жыл ішінде оның оқушыларының бірнеше мәрте ғылыми жобалар конкурсының жүлдегерлері атануы - ғылыми мектеп қызметінің тиімділігін көрсетеді. 2013-2014 оқу жылында Семей қаласындағы экономикалық лицейдің оқушысы Социалов Төрегелді Алматы қаласында өткен республикалық ғылыми жобалар конкурсында I дәрежелі дипломмен марапатталып, алтын медаль иегері атанды.
2017-2018 оқу жылында Өскемен қаласындағы ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын №38 гимназия оқушысы Самарханова Диана жалпы білім беретін пәндерден республикалық жобалар конкурсында (2 орын) және жаратылыстану-математика циклындағы пәндерден республикалық олимпиадада (2 орын).
Дарынды балаларға ғылыми кеңес беруді Досым Ерболатұлы жоғары деңгейде жүзеге асырады. Оның жетекшілігімен 10-ға жуық оқушы халықаралық және республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. 2014-2015 оқу жылы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің оқушысы Жанабаев Асет Алматы қаласында өткен республикалық ғылыми жобалар конкурсында I дәрежелі диплом иегері атанды. Досым Ерболатұлының 300-ге жуық ғылыми еңбектері, екі патент, 10-ға жуық ендіру актісі, 3 халықаралық сертификат, 4 республикалық деңгейдегі сертификат, СТ РК ИСО/МЭК 17025-2007сапасы бойынша менеджерлерді даярлау курсы сертификаты бар. Облыстағы жастар саясатының дамуына қосқан үлесі үшін ШҚО әкімінің дипломының, ҚР талантты жастарына арналған мемлекеттік ғылыми шәкіртақының иегері, ҚР Бірінші Президенті Қорының республикалық конкурсының жеңімпазы және жалпыуниверситеттік конкурстың «Жылдың үздік зерттеушісі» номинациясының иегері.«Университетті дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, төсбелгісімен марапатталып, «Университет мақтанышы» құрметті атағы берілді.
Сана Қанатбековна - полимерлер химиясы саласының маманы. Ол мектеп оқушыларынан, студенттерден, магистранттардан және жас ғалымдардан тұратын шығармашылық топ құрып, аймақтық сипаттағы өзекті мәселелерді шешумен, атап айтқанда, металлургиялық өндірістің қалдық суынан ауыр металды бөліп алуға арналған әмбебап полимерлік сорбент, тұрақты органикалық ластағыштарды, соның ішінде полихлорбифенилді залалсыздандырушы каталитикалық жүйе, сонымен қатар, ауылшаруашылық тұқымдарын қаптауға арналған биологиялық ыдырауға бейім капсулалаушы құрам әзірлеумен айналысады. Сана Қанатбековна жоғары деңгейде оқушылардың ғылыми жобаларына жетекшілік етеді. 2014-2015 оқу жылы Өскемен қаласындағы №44 МЛ 11 сынып оқушысы Кожебаев Адлет, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 11 сынып оқушылары Кабиева Айгерім, Адалбек Рауан Алматы қаласында өткен оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсында III дәрежелі диплом және қола медаль иегерлері атанды. Сана Қанатбековнаның 60-тан астам ғылыми мақалалары, 4 монографиясы және 2 өнертабыс патенті жарық көрген.
Болат Мукаметкалиевич күн элементтері тиімділігін көтеру мәселесімен ғылыми қызметті жүзеге асырады. Бұл бағытта зерттеу жұмыстарын өткізу нано деңгейде өтіп жатқан жоғары деңгейдегі жиіліктегі тәжірибелердің, үдерістердің мәнін терең түсінуді талап етеді. Болат Мукаметкалиевич бірнеше жыл қатарынан физика пәнінен облыстық олимпиадалар мен конкурстардың қазылар алқасының құрамында болды. Жыл сайын студенттер, сонымен бірге, облыстың дарынды оқушыларының ғылыми-зерттеу қызметіне жетекшілік етеді. Болат Мукаметкалиевичтің басшылығымен оқушылар жыл сайын облыстық, республикалық және халықаралық ғылыми жобалар конкурстарында жүлделі орындар алады. Мысалы, 2008-2009 оқу жылында Алматы қ. өткен республикалық ғылыми жобалар конкурсында Капез Жасұлан алтын медаль иегері атанды. 2010-2011 оқу жылы - халықаралық ғылыми жобалар конкурсында Мусин Кайнар алтын медаль жеңіп алды. 2012-2013 оқу жылы – Жунусбекова Дина да халықаралық ғылыми жобалар конкурсында жеңімпаз атанды. 2014-2015 оқу жылы Алматы қ. өткен республикалық ғылыми жобалар конкурсында Ерлан Марғұлан күміс медальді жеңіп алды.
Мураткан Набенович – әртүрлі ғылыми семинарлардың, республикалық және халықаралық ғылыми конференциялардың, түрік әлеміндегі математиктер Конгресінің белсенді қатысушысы. 40 жуық ғылыми жұмыстар, соның ішінде, 2 монографияның авторы. Жоғары оқу орнының «Жылдың үздік ғалымы» номинациясының иегері. Мураткан Набенович студенттердің ғана емес, сонымен бірге, оқушылардың да ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырумен айналысады. Математика, қолданбалы математика пәндері бойынша оқушылардың ғылыми жобалар жазуына жетекшілік жасайды. Әртүрлі деңгейдегі республикалық және зияткерлік сайыстарда осы жобаларды қорғай отырып оқушылар жыл сайын жүлдегер атанады.
Сонымен, жалпы білім беретін пәндерден республикалық ғылыми жобалар конкурсындамарапатталғандар: 2014-2015 оқу жылында Өскемен қаласындағы №44 МГ оқушысы Махмұдұлы Алихан; 2013-2014 оқу жылында ДБА ОМФИММЛ оқушысы Нуриев Аблайхан; 2017-2018 оқу жылында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттың оқушысы Айтқазина Диляра.
Игорь Владимирович бірнеше жыл қатарынан оқушыларды физика және информатика пәндерінен олимпиадаларға даярлауда жемісті жұмыс атқарып келеді. Оқушылардың ғылыми жобаларына жетекшілік жасап, кеңес береді. Игорь Владимировичтің ғылыми жетекшілігімен оқушылар республикалық, халықаралық деңгейде өтетін зияткерлік олимпиадалар мен сайыстардың жүлдегерлері атанды. Оқушылардың жетістіктері: 2011 ж. – Батырханов Аян, Турсанова Асия Москва қаласында Ғылыми фестиваль аясында өткен ТМД елдерінің жоғары сынып оқушыларына арналған «Болашақ ғалымдар» ғылыми-техникалық жұмыстары конкурсының күміс медаль иегерлері; 2012 ж. – Усенов Елдос, Медбаев Нургали Байқоңыр қаласында өткен «Ғылым әлемін ашамыз» халықаралық ғылыми конференциясының жүлдегерлері; 2014 ж. – Курмамбаев Ермек, Отузбаев Аль-Бесин – Москва қаласында өткен «Компьютерлік физика» халықаралық турнирінде III дәрежелі дипломды иеленді; 2015 ж. - Габдуллина Динара, Жуматаева Айзат, Сексембаев Аслан, Николишин Валентин – Ө.Жолдасбеков атындағы математика, механика, экономикадан зерттеу жұмыстарының халықаралық сайысының жүлдегерлері атанды.
Базарбек Агзашұлы 20 жылдан аса уақыт бойы облыстың дарынды балаларымен физика-математика бағытындағы пәндерді тереңдетіп оқытумен айналысады. Оқушылардың ғылыми жобаларының жетекшісі. Соңғы бес жыл ішінде 30-ға жуық оқушысы республикалық және халықаралық олимпиадалар мен сайыстардың жүлдегерлері атанды. Оқушыларының жетістіктері: 2012-2013 оқу жылы: Шаған Ернат, Қабдеш Байболсын математика, механика және экономика бойынша Ө. Жолдасбеков атындағы оқушылардың зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсында - II дәрежелі диплом (Алматы қ.); Ордабаева Жанна, Қуанышева Айзада «Ғылым әлемін ашамыз» халықаралық ғылым конференциясында II дәрежелі дипломмен марапатталды (Байқоңыр қ.); 2013-14 оқу жылы: Далелгазина Дана, Нургазина Назерке – Вернадский атындағы халықаралық конкурста 1 орын (Москва қ.); Рысханова Жулдыз -– «Ғылым әлемін ашамыз» халықаралық ғылым конференциясында - II дәрежелі диплом (Байқоңыр қ.); 2014-2015 оқу жылы: Айтпаева Камила, Ауданбекова Аружан - «Созвездие» халықаралық конкурсы – I дәрежелі диплом (Москва қ).; Мухаметказин Ерсін, Кадырова Дильнура математика, механика және экономика бойынша Ө. Жолдасбеков атындағы оқушылардың зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсында - 2 орын (Алматы қ.); Бастамиева Камила, Шотаев Темирхан Инфоматрикс халықаралық конкурсы – II дәрежелі дипломмен (Алматы қ) марапатталды. Базарбек Агзашулы физика пәнінен әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларға Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасын даярлауға белсенді қатысады.
Меруерт Ғалымқызы университетте зоологиялық бағыттағы пәндерден сабақ береді: «Омыртқасыздар зоологиясы», «Омыртқасыздардың салыстырмалы анатомиясы», «Қазақстан энтомофаунасы», «Гидробиология негіздері» және т.б.Ол Қазақстанның омыртқасыз жануарлары бойынша мектеп энциклопедиясының авторларының бірі (Алматы, 2014 ж.).
Қуанышбаева М.Ғ. оқушылардың ғылыми жобаларының кеңесшісі ретінде, олармен белсенді жұмыс атқарады.Оның жетекшілігімен дайындалған оқушылардың арасында «Дарын» республикалық конкурсының облыстық және республикалық кезеңдерінің жүлдегерлері бар.
Ержан Аманғазыұлы – есептеу математикасы және математикалық модельдеу саласынан маманданған ғалым. 40 шақты ғылыми және 1 монографияның авторы. Қолданбалы математика саласында студенттер мен оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырумен белсенді түрде айналысады. Ержан Аманғазыұлының жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасаған оқушылар әр түрлі деңгейдегі республикалық және Халықаралық жобалардың жүлдегерлері атанды. Мысалы, 2011-2012 оқу жылы ДБАОММЛИ оқушысы Даулетқанова Еркежан Ресейдегі Протвино, Ресейдің ғылым қалашығында болған «Компьтерлік физика – 2012» Халықаралық турнирге қатысып 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды, ал 2015-2016 оқу жылы осы мектептің оқушысы Нуржақаев Олжас Алматы қаласында өткен дарынды оқушылар арасындағы зияткерлік конкурстың қола медаль иегері атанды.