Гульмира Мухамет-Қызыровна – әр оқушының жүрегіне жол тапқан, шығармашыл ұстаз. Заманауи технологияларды, жеке тұлғаға бағытталған әдістемелерді өз жұмысында пайдалана біледі. Жаңашыл идеяларға жаны құмар, сәндік - қолданбалы өнер жөніндегі кәсіби білімі жоғары дәрежелі маман ретінде танымал. Гульмира Мухамет-Қызыровнаның дарынды, дамыған тұлға тәрбиелеу ісіне қосып жүрген үлесі қомақты. Оның шәкірттері әр түрлі деңгейдегі конкурстар мен балалар шығармашылығы фестивальдерінде жүлдегер атанып жүр. 2015 жылы 9 сынып оқушысы Анна Суворова «Қазақстан – жаңа әлемде» республикалық суреттер конкурсында І дәрежелі дипломмен марапатталды; ХІ ұлттық Дельфий ойындарында - ІІІ дәрежелі диплом. Өз ісіне деген қызығушылығы, жұмысына деген сүйіспеншілігі, мейірімділігі әріптестері мен шәкірттері арасында шынайы сыйласымдылық тудырады.
Күльзия Әзілбекқызының өмірлік ұстанымы – жетістікпен тоқтап қалмай, өзінің педагогикалық қызметіне кіріктіре отырып жаңалықты тануға талпыну. Оның оқушылары жыл сайын әртүрлі деңгейдегі олимпиадалар мен жарыстарда жүлделі орындарды иеленеді. Мәселен, 2014-2015 оқу жылы оның оқушылары Уәлибекова Ділдә гуманитарлық пәндер цикліндегі олимпиадасында 2 дәрежелі диплом, республикалық «Абай оқулары» конкурсында 1 дәрежелі дипломмен, Түгелжанова Марал гуманитарлық пәндер цикліндегі олимпиадасында 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.
Кәсібилігі, әр ісін шығармашылықпен орындауы, балаға деген сүйіспеншілігі Маржан Мулдатбековнаны нағыз құзырлы ұстаз ретінде танытып отыр. Маржан Мулдатбековна кәсіби шеберлікті анықтайтын конкурстардың белсенді қатысушысы. Өзінің оқушыларының да топтың ең алдында болу мақсатына жетуін бойларына сіңіреді. Мұғалімнің ойынша, балаға ұстаздың қолдауы мен ата-ананың отбасында берген тәрбиесінің үйлесімділігі арқасында ғана бала үздік нәтижелерге жетіп, алға қойған мақсатына жетеді. Маржан Мулдатбековнаның шәкірттері облыстық, республикалық шығармашылық конкурстардың жүлдегерлері: «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде 8 сынып оқушысы Советова Талшын «Әнші бұлбұлдар» номинациясы бойынша 2 дәрежелі дипломмен; ХV республикалық Абай оқуларында «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды; Оралқызы Зарина ІІ облыстық «Алтай жұлдыздары» конкурсында 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.
Талғат Саятович – Өкпеті орта мектебінің қосымша білім беру педагогі, «Өкпеті өрендері» жас ақындар үйірмесінің жетекшісі. Талғат Саятович балаларға дала әуенін түсіне отырып тыңдауды үйретумен қатар, қазақтың суырып салма ақындарының шығармашылығымен таныстырып отырады. Мұғалім оқушылармен, ата-аналармен және әріптестерімен жақсы қарым-қатынас орнату арқылы оқушыларға білім, дағды икемділіктерді қалыптастыруды, жеке тұлғаны шығармашылыққа тәрбиелеу жолын тиімді шеше біледі. Талғат Саятұлы дарынды балаларды анықтап, оларды дамытуға жайлы жағдай орнатуға көп көңіл бөледі. Талғат Саятовичтің шәкірттері әр түрлі деңгейдегі шығармашылық конкурстардың жүлдегерлері. Мысалы, оқушысы Мұратов Ермұхамет республикалық «Ақберен» конкурсының 1 дәрежелі дипломының иегері, ал 2015 жылы Жамбыл Жабаевтың 169 жылдық мерекесіне арналған «Жыр алыбы Жамбыл» тақырыбында өткен республикалық ақындар сайысында Алматы облысы әкімінің арнайы жүлдесін жеңіп алды.
Камилия Рашитовнаның тікелей басшылығымен мәдениеттің дамуына, жеткіншек ұрпақтың эстетикалық талғамын, жеке тұлғаның үйлесімді дамуына ықпал ететін үлкен істер атқарылуда. Мектеп репертуарында әрбір бишіні дайындауға қажетті классикалық қойылымдар сияқты, әлем халықтарының билері мен бүгінгі заманға сай билер элементтерінің барлығы да бар. Бұлардың барлығы да балаларға өздерін көрсете білуге және биден ләззат алуға мүмкіндік береді. Камилия Рашитовнаның оқушыларының жетістіктері қомақты, олардың көпшілігі өздерін тек Қазақстан Республикасында өтетін конкурстар мен фестивальдарда ғана емес, шет елдерде де көрсетіп жүр. Бүгінде Шығыс Қазақстанның балет мектебінің шәкірттерін Ресей, Қытай, Франция, Финляндия, Түркия, АҚШ, Швейцария, тағы басқа әлем елдері біледі.
Анна Сергеевна – жоғары санатты хореограф-оқытушы, балалармен бірлесіп жаңалықты танитын, шығармашылықпен жұмыс атқаратын білікті маман. Тәрбиеленушілерінің хореографияға қызығушылығын дамыту мақсатында өз біліктілігін ұдайы көтеріп отырады. «Вдохновение» ұжымының көркемдік жетекшісі. Анна Сергеевна жыл сайын өзінің хореографиялық композицияларын жаңартып отырады. Барлық би қойылымдары асқан талғампаздықпен шыңдалған, заманауи технолгияларды кіріктіріп әсемдік пен пластиканы дамыту, өз халқының тарихы мен дәстүрін ұғынатын, шығармашыл тұлға келбетін қалыптастырады. Анна Сергеевнаның оқушылары республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары. Жұмыстың барлық кезеңінде «Вдохновение» ұжымы балет биінің орындалу техникасын шеберлікпен меңгерді. 2015 жылы Алматы қаласында өткен «Зимняя сказка» конкурсында «Вдохновения» тобы Бас жүлде иегері атанса, III Халықаралық «Astana Children's Festival» өнер фестивалі мен XII Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Без границ» фестиваль конкурсында I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Талгат Гакифович – бейімділігіне қарай ұстаз. Педагогикалық шеберлікке талпыну мен өз ісінің нәтижесіне жауапкершілігі оны басқалардан ерекшелейді. Талғат Гакифовичтің «Баянды бастапқы кезеңде ойнап үйрену әдістемесі» тақырыбындағы әдістемелік жұмысы «Коллеги» Қазақстандық педагогикалық журналында жарық көрді. Оның жетекшілігімен баянистер ансамблі жоғары нәтижелерге жетті. Оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық шығармашылық конкурстарында жүлделі орындар алды. 2015-2016 оқу жылы 7 сынып оқушысы Галкеев Руслан Астана қаласында өткен ХІ Ұлттық Дельфий ойындарында жүлделі І орынды иеленіп, алтын медальмен марапатталды.
Гүлім Талғатбекқызы дарынды балалармен жұмыс істеудің педагогикалық ерекшеліктерін жақсы меңгерген, өз пәнін терең білетін, жоғары ойсаналы ұстаз. Жаңа заманауи технологияларды өз сабағына кіріктіруге талпынуы мен өз еңбегін ғылыми тұрғыда ұйымдастыруы Гүлім Талғатбекқызына жоғары нәтижелерге жетуіне ықпал етуде. Жыл сайын оның оқушылары облыстық, республикалық зияткерлік конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанады. 2014-2015 оқу жылы оқушысы Дуйсенбекова Еркеназ республикалық Абай оқулары конкурсында бас жүлде иегері атанды.
Ернат Еркинович – білімді және шығармашыл ұстаз. Жан-жақты жетілген тұлғаны тәрбиелеу негізгі міндетім,- деп санайды. Өзінің кәсіби қызметінде оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру мен қазақ халқының дәстүрлі музыкасына қызығушылықтарын дамытуға басты назар аударады. Ернат Еркиновичтің ойынша, қиялға қанат бітірген, болашаққа ұмтылған жандар ғана талғампаз ұрпақты алға жетелейді. Оның мақсатты және қажырлы жүргізген еңбегі өз жемісін берді. Ернат Еркиновичтің оқушылары жыл сайын облыстық, республикалық шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанады. 2012 жылы Алматы қаласында өткен 46 республикалық «Жас музыкант» фестивалінде Арнай Надырханов І дәрежелі дипломмен марапатталды; 2015 жылы Семей қаласында өткен Л. Хамиди атындағы республикалық конкурста Дастан Казкенов бас жүлде иегері атанды; Атырау қаласында өткен «Алтын домбыра» республикалық конкурсында Әзидолла Ескалиева бас жүлдені иеленді.