+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek

Детям

Қымбатты біздің достарымыз! Ең жақсы педагогтар құрамымен демалысыңызды "Дарын" базасында өткізіңіз! Тек қана осында, даму мен шығармашылықтың үйлесімді аумағында сен өз дарыныңды дамытып және басқа көптеген жаңа қырларыңды ашасың.

          «Дарынмен» бірге демалыс – бұл еркіндік, даму және жайлылық, бұл шабыт пен өзін-өзі көрсетудің мекені.

          Шығармашылық студиялар мен үйірмелердің жетекшілері сені ерекше шеберлік сағаттарында күтеді.

          Квесттер мен тимбилдингтер, ерекше көңілді би кештері, қызықты кешкі іс-шаралар, жаңа достар мен сүйікті тәлімгерлер – осының барлығы сені «Дарында» күтеді.

          Біз көріскенімізге қуанышты бола отырып, сіздің әкімшіліктің кенеттен туындаған сұрақтарына жауап беріп, ережелерді сақтайтыныңызға сенімдіміз. Сонымен...

"Дарын" базасындағы балалардың құқығы:

  • "Дарын" базасында болу кезінде өмірің мен денсаулығыңды қорғау;
  • Ауырып немесе жарақат алған жағдайда алғашқы медициналық көмек алу;
  • Әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық көмек алу;
  • Адамның қадір-қасиетін құрметтеу, физикалық және психологиялық зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен қорғау;
  • "Бала құқықтары туралы" ҚР Конституциясына сәйкес өзге де құқықтар.

"Дарын" базасындағы балалар міндетті:

  1. Күн тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін, тәрбиешілердің, тәлімгерлердің, әкімшіліктің және базаныңбасқа да қызметкерлерінің нұсқаулары мен өкімдерін мүлтіксіз сақтау;
  2. Кез-келген жайсыздықты сезсеңіз немесе мәселе туындаса шаңырақтың тәлімгері немесе тәрбиешісіне хабарлау;
  3. Қауіпсіздік, жеке гигиена және санитария ережелерін сақтау. Кез келген жерден су ішуге тыйым салынады;
  4. Ұқыпты киініп жүру, киім мен аяқ киімнің жағдайы мен тазалығын қадағалаңыз;
  5. Түстен кейінгі ұйқы кезінде тыныштықты сақтаңыз;
  6. Ересектермен және өз-ара қарым-қатынаста сыпайы болу;
  7. База мүлкін (жиһаз, жабдықтарды) ұқыпты қолдану;
  8. Басқа балалардың құқықтарын құрметтеу және олардың мүдделерімен санасу.

 

 

Тыйым салынады:

  1. Тәрбиешінің немесе тәлімгердің рұқсатынсыз база аумағынан өзеркімен шығуға;
  2. Өзіңізбен бірге базаға қару-жарақ, химиялық қорғаныс құралдарын (баллоншалар) әкелмеу және де қолданбау;
  3. Жарылыстар мен өрттерге әкелуі мүмкін кез келген заттарды қолданбаңыз;
  4. Алкогольді ішімдіктерді (соның ішінде энергетикалық сусындарды, сыраны), темекі өнімдерін (оның ішінде электрондық темекіні), улы, есірткі заттарын тұтынбау;
  5. Бір-бірімен қарым-қатынаста қорқыту, бопсалау, физикалық күш қолданбау;
  6. Айналаңыздағылар үшін қауіпті салдарға әкеп соқтыратын кез келген әрекеттерді жасамау;
  7. Ата-аналардан тез бұзылатын және балалардың денсаулығына зиянды тамақ өнімдерін әкелуге тыйым салынады. Мысалы: қытырлақ нан немесе картоп, жүгері таяқшалары, қантты-газдалған сусындар, кремді кондитерлік өнімдер, шұжықтар, сүт өнімдері, үйде дайындалған тағамдар.

«Дарын» базасындағы ережелер балалардың қауіпсіз және жайлы демалуы үшін құралған, ережені бұзған жағдайда демалушылар құрамынан шығарылады.