Родителям
Қызмет көрсету үшін барлық қажетті құжаттарды ұсыну, оның ішінде: туу туралы куәліктің көшірмесі, медициналық анықтама 071-У нысаны, «Базаға баратын оқушының анықтамасы» дәрігердің мөрі басылған анықтама, ішек құртының талдауы, эпидемиологиялық орта анықтамасы, сальмонеллезге талдау, 063-У нысанындағы егу картасынан көшірме.
- Медициналық анықтамада көрсетілмеген жасырын созылмалы аурулар болса баланың ата-анасы немесе заңды өкілі жауапты болады!
- Медициналық анықтамасы жоқ бала базаға қабылданбайды!!!
- Егер баланың денсаулық жағдайы қандай да бір шектеулерді немесе ерекше назар аударуды қажет етсе база әкімшілігіне хабарлау қажет!
Қажетті заттар:
Киім
- күнделікті;
- спорттық костюм;
- жылы куртка;
- жылы жемпір, кеудеше;
- бірнеше футболка;
- іш киім мен шұлық;
- пижама;
- бас киім (бейсболка,бандана, панама)
- шомылуғаарналған керек-жарақтар.
Жеке күтім құралдары:
- қол орамалы;
- тіс пастасы;
- тіс щеткасы;
- сабын, сабын салғышымен;
- сусабын;
- сүлгі;
- дәретхана қағазы.
Жеке алғашқы көмек жинағы:
Жеке алғашқы медициналық көмек жинағында:
-күннен қорғайтын крем, пантенол;
-репеллент (спрей немесе крем);
-жеке күтім құралдары;
Егер арнайы тамақтану қажет болса-бұл туралы база әкімшілігіне ескертіп, емдеуші дәрігерден ұсыныстарболуы қажет.
Трансфер:
Ауысымға қатысушылар үшін базаға дейін және қайтар жолдатрансфер ұйымдастырылады.
Жөнелту орны мен уақыты:Өскемен қаласы, Б. Александров атындағы Спорт сарайы, сағат 09: 00-де.
Өскемен қаласына келу орны мен уақыты:Б. Александров атындағы Спорт сарайы, 10: 00 сағ. -10: 30 сағ.
Базада қатаң тыйым салынады!
1. Базада болған барлық уақыт ішінде спирттік ішімдіктерді, темекі бұйымдарын және есірткі заттарын сақтауға және пайдалануға тыйым салынады. Сондай-ақ база аумағынанөз бетінше шығуға, өз бетінше шомылуға, басқа балаларға дене жарақатын салуға тыйым салынады.
2. Базаның мүлкіне келтірілген залал үшін балалардың ата-аналары материалдық жауапкершілікке тартылады.
3. Базада болу ережелерін бұзғаны үшін (ұрлық, баланың денсаулығына, басқалардың денсаулығына зиян келтіруі, темекі шегу, алкогольдік ішімдіктер немесе есірткі қабылдау және т.б.) бала базадан мерзімінен бұрын шығарылса, онда үйге қайтару жолы ата-анасының есебінентөленедіжәне де жолдама құны қайтарылмайды. Сондай-ақ, егер бала өз қалауы бойынша базадан кеткісі келседе, онда да жолдама құны қайтарылмайды.
База әкімшілігі:
База әкімшілігі базаның тәлімгерлері мен тәрбиешілеріне сақтауға тапсырылған ақша мен құнды заттардың сақталуына ғана жауапты болады.
База әкімшілігі ата-аналарға балаларына төмендегі заттарды бермеуге кеңес береді:
- зергерлік бұйымдар;
- қымбат косметика;
- электрондық ойындар, аудио-бейне техника, қымбат ұялы телефондар.