«Дарын» базасы туралы
«Дарын» базасыбұлбалаға өз талантының жаңа қырларын ашуға, жаңа хобби табуға, өз мүмкіндіктерін көрсетуге, жаңа дағдыларды үйренуге, сондай-ақ, жаңа достармен танысуға және жаздың тақырыптық ауысымдарының қатысушысы болуға көмектесетін дамудың, шығармашылықтың және демалыстың бірегей аумағы.
База Шығыс Қазақстанның көркем бұрышында қала орталығынан 30 шақырым жердегіТаулыҮлбі өзенінің жағасында орналасқан.
Бірнеше жыл ішінде «Дарын»базасыбіздің балаларымыздың ғана емес, олардың ата-аналарының да сеніміне, сүйіспеншілігіне және беделіне ие болды. Балалар жыл сайын оралғысы келетін орынға айналды. Достарымен, сүйікті тәлімгерлерімен қайта кездесу арқылы отбасылық атмосфераға енеді. Біздің база кез-келген баланың ашылуына, топпен жұмыс жасауға және өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді.
Әр ауысымның өзіндік тақырыптық бағыты бар және маусымдық жағдайлар мен ерекшеліктерді ескере отырып дайындалады, бұл әр ауысымды ерекше және қызықты етуге мүмкіндік береді.
Жазғы демалыс кезеңінде 9-16жас аралығындағы оқушылар үшін 5 тақырыптық ауысым ұйымдастырылады. Әр ауысым 10 күнге созылады және шамамен 300 баланы қамтиды.
Балалар базада кең,әрі жарық барлық жағдайы қарастырылған коттедждерде тұрады. Балалар үшін толыққанды 5 рет тамақтану ұйымдастырылады және де тамақтану сапасын үнемі бақылауды диетолог жүзеге асырады.
База аумағы қоршалған, тәулік бойы күзетіледі, мұқият бақыланады, бөгде адамдардың кіруіне рұқсат берілмейді.Өрт дабылы мен бейнебақылау камераларыда жұмыс істейді. База аумағында медициналық пункт бар, онда тәжірибелі дәрігер мен медбике тәулік бойы қызмет атқаруда.
Ауысымға келген балалар отрядтар бойынша тұрғын үй ғимараттарында (25 адам) орналасады. Корпуста жайлы тұру үшін барлық қажетті заттар бар, бөлмелер 4-6 балаға арналған. Әр бөлмеде тумбалар, шкафтар, душ пен дәретхана әр корпуста (ұлдар мен қыздар үшін бөлек) бар. Сонымен қатар, төсек-орын апта сайын ауыстырылып отырады.
Тәулік бойы ыстық және суық сумен жабдықтау, үтік пен үтіктеу тақталары, киім кептіргіштер, ауыз су жалпы балалар үшін барлық жағдай жасалынған. Отрядтар мен ұжымдық іс-шараларды ұйымдастыру үшін кең залдар қарастырылған.
Күн сайын балалар үшін 15-тен астам шығармашылық студиялар мен үйірмелер жұмыс істейді. Онда педагогтар қызықты шеберлік сабақтарын өткізеді. Ауысым барысында балалар шығармашылық студиялар мен спорт секцияларына, тренингтер мен дамытушы тақырыптық клубтарға қызығушылықпен қатысады. Үйірмелер тізбесі: «Интеллектум», «Робототехника», «Шахмат», «Дойбы», «Тоғызқұмалақ», «Дебат клубы», «Арт-студия», «Аспаптық-вокалдық студия», «Джампинг», «Йога», «Хореография», «Зергерлік шеберхана», «Сабын жасау», «Club Сөйле», «Handmade», «Тігін шеберханасы», «Өзін-өзі қорғау мектебі», «Спорт клубы».
Кәсіби жабдықталған волейбол, баскетбол және футбол алаңдары, хореографиялық зал, арқан паркі, бассейн балалардың демалыста спорттық формасын дамытуға көмектеседі.
Квесттер, тимбилдингтер, флешмобтар, қазақ және ағылшын тілдер клубы, балалар мен жасөспірімдерге арналған дамытушы бағдарлама - осының бәрі "Дарын" базасының визит карточкасына айналды.
Даму мен шығармашылықтың бірегей аумағында ғана бала өзінің талантын ашып, көптеген пайдалы дағдыларға ие бола алады.
Балаларды «Дарын» базасында күтеміз!