Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығында 2016 жылдың 20-22 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық жас экологтар мен өлкетанушылардың «Қазақстан – менің елім» форумы өткізілді.
Форумның пленарлық отырысы кезінде Нурсеитова А. – ШҚО білім басқармасының басшысының орынбасары, Рамазанов А. – «Нұр Отан» партиясының өкілі, Кашкымбаева С. – ШҚО экология департаментінің бас маманы, Миронова Ю. – Өскемен қаласының қалалық маслихатының депутаты, сондай-ақ Завалко Н. – педагогика ғылымдарының докторы, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ , Ахметова Г. – тарих ғылымдарының кандидаты, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеттерінің деканы сынды сыйлы қонақтар оқушылар және мұғалімдермен бірлесіп өңірдің экологиялық және өлкетану мәселелері мен шешімдерін жан-жақты талқыға салды.
Форум аясында ЖОО ғалымдары, мектеп педагогтары күннің өзекті мәселелері бойынша оқушылар мен жетекшілерге арнап шеберлік сыныптарын өткізді. Оқушылар табиғи материалдардан кәдесыйлар жасауға, экотуристтік маршруттар жасауға қатысып, Шығыс Қазақстан облысының көне тарихымен және тарихи көздерімен танысты.
Форумға білім беру мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары келесі бөлімдер бойынша жеке және топтық жұмыстар ұсынды:
1) Энергияны үнемдеу мәселелерін шешуге және табиғат ресурстарына құрметпен қарауға бағытталған «Болашаққа қадам» атты әлеуметтік маңызды зерттеу жұмысын қорғау.
2) Туған өлкені сақтау мен қалпына келтіруге бағытталған экологиялық қызметтер туралы, жасыл қордың сақталуына өз үлесін қосқан адамдар туралы бейнерепортаждар.
3) «Менің қайталанбас өлкем» және «Екінші өмір» номинациялары бойынша «Жасыл планета» атты шығармашылық жұмыстар көрмесі.
Жұмыстарының қорытындысы бойынша қазылар алқасы жүлделі орындар алған лайықты экологтар мен өлкетанушыларды айқындады. Олардың ішінен 3 қатысушы жеңімпаз атанды.
Шараға қатысқан барлық қатысушылар мен жетекшілерге сертификаттар табысталды.