2016 жылдың 10 қыркүйегінде ШҚ ӨҒПО «Дарын» базасында Таулы Үлбі өзенінің жағасында Денсаулық күніне арналған шара өтті.
Шараға облыс мектептерінің 8-11 сыныптан 230-дан астам оқушы қатысты.
Шараның мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани жəне физикалық қалпын калыптастыру.
Шара барысында 10-11 сынып жиын командалары волейболдан қыздар командалары мен ұлдар командалары, баскетбол мен футболдан ұлдар арасында жарыстар ұйымдастырылды. Туристік эстафета барысында шара ұйымдастырушылары 8-9 сынып оқушыларына түрлі конкурстар, викториналар, ауқымды спорттық жарыстар ұйымдастырды.
Төрешілердің шешімі бойынша командалық І орынды туристік эстафетада облыстық физика, математика, информатика саласындағы мамандандырылған мектеп-лицейдің командасы иеленді.
Баскетболдан жарыста:
І орын – ДБА «Восток» ҒЗМО ұлдар командасы;
Волейболдан жарыста:
І орын – облыстық математика, физика, информатика саласындағы мектеп-лицей командасы;
Футболдан жарыста:
І орын – ДБА «Восток» ҒЗМО ұлдар командасы иеленді.
Жарыс жүлдегерлері ШҚ ӨҒПО «Дарын» кубогымен марапатталды, мектеп жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды.
«Дарын» базасында қатысушылар тек күш сынаспай, сонымен қатар күндерін денсаулыққа пайдалы етіп өткізді, күзгі салқын қарсаңында иммунитеттерін нығайта түсті.
Барлық қатысушылар мен жетекшілерге алғыс білдіре отырып, жаңа кездесулер күтеміз!