+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Дарын» кешеніндегі жазғы ауысымның жабылуы
15 Ақп, 08:51

2016 жылдың 14-21 тамыз аралығында облыстың 90-нан астам оқушылары «ағылшынша» өткен жазғы лагерінің қатысушылары болды.

Ауысым бойы балалар ағылшын тілін оқып қана қоймай, робототехника кабинеттеріне, химия-физика кабинеттерін, бейнелеу өнері студиясына, хореография, вокал және актерлік шеберлік, спорттық үйірмелерге қатысуға мүмкіндік алды. Балалардың «Дарын» базасында өткізілген шараларға қатысуы әрбіреуінің бойында шығармашылық қабілетінің ашылуына септігін тигізді.

Қорытынды мерекеде тәлімгерлер балаларға арнап дайындаған ерекше сыйы – би шоуы болды. Үлкен топ балалары «Біздің лагердегі өміріміз» атты тақырыпта «Дарын» базасында өткізген күндерден есте қаларлық оқиғалары мен қызықты сәттерін өздерінің кішігірім қойылымдары мен билері арқылы жеткізіп, қуанта білді.

Жазғы демалыс кезінде бес ауысым және ағылшын, қазақ, орыс тілдерінің жетілуі мен шығармашылық қабілеттерінің жетілуіне бағытталған үш бейіндік бағдарлама ұйымдастырылды. Тіл білімдерінің  мамандары ретінде қазақ тілі пәнінің мамандары, педагог және Өскемен қаласының «Нұрорда» мектеп-лицейінің ағылшын тілінің спикері шақырылды.  Көркемдік жетекшісі ретінде Астана қаласынан Ұлттық Суретшілер одағының мүшесі шақырылды.

«Дарын» базасымен балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық қабілетінің қолдау және шыңдаумен, олардың толық демалысын, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырумен қамтамасыз етуге арналған барлық жағдай жасалған.

Облыстың 1000-нан астам балалары шығармашылық қабілеттерін ашу, өзін тұлға ретінде көрсету, өз қызығушылығын айқындай түсуге мүмкіндік алды.

«Дарын» жазғы демалысы бұл – оқу мен дамудың, демалу мен сауығудың, спорт пен шығармашылықтың тиімді үйлесімі.

Жазғы демалыс қорытындыланды, алайда «Дарын» орталығының ұжымы  оқушыларды жаңа 2016-2017 оқу жылында кезекті ауысымы мен демалыстарда   асыға күтеді.   

 

 «Дарын» базасында өткен жазғы демалыс қатысушыларына, олардың ата-аналарына және ұстаздарына
жаңа оқу жылында табыстар, шығармашылық шабыт және барлық жақсылықтарды тілейміз!