+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Ағылшынша» жазғы демалыс
15 Ақп, 08:33

2016 жылдың 14 тамызында "Дарын" оқу-сауықтыру базасында «Ағылшынша» жазғы демалыс»тілдік ауысымыныңашылуы болды.

Тілдік ауысым - бұл демалысты ағылшын тілін үйреніп қана қоймай қызықты ойын-сауық бағдарламасымен де үйлестіру.

Тілдік ауысымның басты мақсаты баланың ағылшын тіліне деген қызығушылығын пән ретінде емес, қарым-қатынас құралы ретінде ояту.

Бұл күрделі мәселе әдістемелік әзірлемелер арқылы және осы ауысымда балалармен жұмыс жасап жүрген мамандардың кәсіби шеберлігі арқылы шешіледі. Жұмыстың әр түрлі форматын қолдану арқылы мұғалімдер балаға: зияткерлік, эмоционалдық, коммуникативтік оқыту деңгейлерін қолданады.

Әдемі табиғат, құрбы-құрдастармен қарым-қатынас және көптеген қызықты іс-шаралар тілді тез үйренуге және уақытты жағымды өткізуге ықпал етеді.

Тілдік тәжірибеден басқа, барлық тілдік ауысымының қатысушылары: «Маска» актерлік шеберлік студиясына, «Батыр» каратэ кружогына   «Робототехника», «Асыл мұра», «Хрустальді нота», «Радуга» хореография студиясы, «Зерде», «Арт-студия», «Таңғажайып химия» және тағы басқаларына қатысады.

Демалыс кезінде балалар тек қана ағылшын тілін ғана дамытып қоймай, әзіл-сықақшылар мен әншілер, бишілер ретінде де ашылып, өздеріне жаңа достар табады.