2016 жылдың 19-29 шілдесі аралығында ШҚО білім басқармасының «Дарын» ШҚ ӨҒПО «Бір шаңырақ астындамыз» атты үшінші жазғы ауысымы өтті. Біздің облысымыздың талантты да белсенді балаларын ашық аспан мен таза таулы ауа, оқиғалар мен іс-шараларға, жақсы көңіл күй мен қызыққа толы мазмұнды бағдарламалар күтіп тұрды.
Ауысым кезінде робототехника, химия және физика кабинеттері, бейнелеу өнері, хореография, вокал және актерлік шеберлік студиялары, спорт секциялары балалар үшін қызмет атқарды. Барлық балалардың қатысуымен күнделікті қызықты оқиғалар өтіп отырды. Олар түрлі іс шараларға, спорт жарыстарына, әр түрлі сайыстар мен сахналық қойылымдарға белсене қатысты.
Нағыз айшықты оқиғаның бірі – әншілік қабілеті бар балалар үшін өткен «Дарын дауысы» музыкалық фестиваль-конкурсы болды. Жетекшілері ретінде шақырылған қонақтар қатарында – танымал «Стар-трек» тобының жеке орындаушылары: Қазақстан Х-Фактор жобасының қатысушысы Зарина Брук, «Хочу в ВИА Гру» жобасының қатысушысы, «Золото» тобының бұрынғы орындаушысы Евгения Брук, - «Стар-трек» PR – менеджері, қоюшы режиссері, хореографиялық-қоюшы, Алиса Хаустова – Мәскеу қаласында өткен Х-Фактор жобасының қатысушысы, «Рефлекс» тобындағы жұлдыздармен бірге өткен ән ойын-сауығының жеңімпазы, Останкино теледидар және эстрада студия мектебінің оқушысы, «Ньютон» тобының бұрынғы орындаушысы. Үш тур бойынша өткен сайыста үш жеңімпаз анықталды. Барлық көрермендердің ашық дауыста өткен қорытындысы бойынша сайыстың жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды: І орын – Абродкина Элина (Зырян ауданы), ІІ орын – Байшокенова Аделя (Семей қаласы), ІІІ орын – Слямғалиев Нұрлы (Глубокое ауданы).
Балалар өздерінің хореографиялық өнерлерін костюмді бал-маскарад қойылымында да көрсете білді.
Есте қалар жарқын оқиғаның бірі – Түнгі қызықты оқиғалар болды. Квес-ойында олардың әрқайсысын «Оз елінен келген сыйқыршылар» өздерінің маршрут бойынша түнгі бағдарлау, бас қатырғы және рөльдік ойындары күтіп тұрған еді. Балалар бұл түрлі шытырманға толы ойынның қатысушысы болып, әр түрлі әрекеттерден өтіп, топтық ойындарда бірлесіп жұмыс істеуге үйренді.
Ауысым аясында қазақ тілі пәні бойынша бейіндік тілдік оқулар өтті. Тілдік бағдарламаның негізгі мақсаты – қазақ тілін тәжірибелік мақсатта үйреніп, қызықты демалумен үйлестіру болды.
Ауысымның соңы гала-концертпен, әр түрлі бояулы нұршашумен және алау маңындағы отырыспен аяқталды.
Бейне мен фото түсірілімдегі естелік сәттер балалардың есінде мәңгі қалары сөзсіз.
«Дарында» алған жағымды әсерлер мен сергектік балалардың есінде көп уақытқа дейін сақталады.