+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Дарын дауысы» жұлдыздары
15 Ақп, 08:28

22 шілде мен 25 шілде аралығында «Дарын» оқу-сауықтыру базасында «Бір шаңырақ астында» ауысымы қатысушыларына арналған «Дарын дауысы» музыкалық фестиваль-конкурсы ұйыдастырылды.  «Дарын» оқу-сауықтыру базасындағы балалар өмірі үшін атаулы шығармашылық шараның негізгі мақсаты – талантты жастарды анықтау және балалардың әншілік шеберлігін шыңдап дамытудың алғашқы сатысы болды.

Тәлімгерлік жасау үшін фестиваль-конкурсқа Өскемен қаласының танымал «Стар-трек» тобының мүшелері, дәлірек айтсақ: «X – Фактор Казахстан», «Хочу в ВИАГру» жобасының қатысушысы, «Золото» тобының экс әншісі Зарина Брук және «Стар-трек» тобының PR менеджері, қоюшы-режиссер, қоюшы-хореограф Евгения Брук, сонымен бірге,«X – Фактор» Москва қ., «Рефлекс» тобы жұлдыздарымен ән байқауының жеңімпазы, эстрада мектеп-студиясының оқушысы және «Ньютон» тобының экс әншісі Алиса Хаустова шақырылды. Үш  күндік байқау барысында  28 қатысушы  «Дарын дауысы» бас жүлдесін жеңіп алу үшін сайысқа түсті. Байқауға 7 мен 17 жас аралығындағы балалар қатысты. Қатысушылар тәлімгерлер назарын өздеріне аударуға және сайыста бірінші болу үшін тек әншілік өнерімен шектелмеді. Орындаушының сахналық келбетіне басты назар аударылды. Өскемендік Анна Емельянова өрескел рокерша бейнесін сомдаса, сәнді жейде мен сауатты таңдалған әнімен Ляховская Виолеттакөпшілікті баурап алып, қошеметке бөленсе, Катон-Қарағай ауданынан келген Жұмағұлова Мөлдір қалтқысыз әншілік өнерін көрсетіп, сахнада өзін жоғары деңгейде ұстай білді.

Үш айналымның қорытындысы бойынша үш финалист анықталды. Ашық дауыс берудің қорытындысы арқылы «Дарын жұлдызы» жеңімпазы мен жүлдегері анықталды.

1 орынды Зырян ауданынан келген фестиваль қатысушысы Абродкина Эллина,

2 орын – Семей қаласының тумасы – Байшокенова Аделя,

3 орын – Глубокий ауданынан Слямгалиев Нұрлы иеленді.