+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Бір шаңырақ астында
15 Ақп, 08:26

2016 жылғы 19-шілдеде "Дарын" оқу-сауықтыру базасында үшінші маусымның ашылуы болды. Бұл маусымға балалар облыстың әр ауданынан жиналды. Бұл балалар әр түрлі ұлттан құралған бір отбасы, бір ортақ үйде, "Дарын" базасының бір шаңырағы астында бас қосты.

Сондықтан да үшінші маусым «Бір шаңырақ астында» деп аталды.

Ашылу кезінде қызықты конкурстар мен музыкалық нөмірлер болды. Балалар лагерь заңдылығымен танысып, «дарындықтар» қатарына қосылды.

Бұл маусымда тілдік ауысымның 40-қа жуық қатысушысы демалуда. Балалар демалыс пен көңіл көтеруден басқа қазақ тілін де оқып үйренуде.

Барлық балаларды қызықты, тағылымды іс-шаралар мен үйірмелер күтуде. Олар «Робототехника», «Асыл мұра», «Хрустальді нота», «Радуга» хореография студиясы, «Зерде», «Маска» актерлік шеберлік студиясы, «Арт-студия», «Таңғажайып химия», каратэден «Батыр» үйірмесі және тағы басқалар.