8 шілде күні «Дарын» оқу-сауықтыру базасында «Достық толқынында» екінші ауысым қатысушыларының Нұр Отан партиясының өкілдерімен кездесуі өтті.
Базаның жаздық спартакиадасының мерекелік ашылымында жас спортшыларға
Нұр Отан ХДП Шығыс Қазақстан облыстық филиалының орынбасары Светаш Александр Александрович және Өскемен қаласы маслихатының депутаты Миронова Юлия Вячеславовна құттықтау сөздерін арнады.
Балалардың жылы қабылдауы қонақтарды селқос қалдырмады және мерекелік шарадан кейін еркін сұхбаттасуға ұласты.
Кездесу көңілді әрі қызықты өтті. Юлия Вячеславовна дәл осындай албырт, белсенді, көңілді болуды жәнебір-біріне селқос болмауға үндеді.
Ол өзінің бала кезінде әркез белсенді болғанын, шығармашылық тұлға боп, музыкамен шұғылданғанын, шет ел тілдерін үйренумен айналысқанын әңгімелеп берді. Ол жазғы уақытын лагерьде өткізгенді жақсы көріпті, лагерде 13 рет демалыпты, соның ішінде 5 рет Дарын жазғы академиясында демалған екен.
Дарын жазғы академиясында белсенді қатысушы боп, пәндерді тереңдетіп оқып, олимпиадаларға дайындалған. Жазғы академияға белсенді қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталған.
Жастар Өскемен қаласының ең жас депутаты осындай биіктерге қалай қол жеткізді деп қызығушылық танытты.
Балаларға мағыналы әңгіме ұнап, тұс-тұстан бір-біріне өз тәжірибесімен бөлісуге келген «нағыз депутат» деп жатты. Жас демалушылар өскелен ұрпаққа тәлім-тәрбие ретінде айтқан оның тәрбиелік сөздерін ризашылықпен тыңдады. Дарынды оқушылар үшін ол белсенді, азаматтық ұстанымы, мақсаткерлігі пен бастамашылдығы бар бірден-бір жарқын мысал ретінде әсер етті.
Осындай өздеріне деген ықылас пен қолдау білдіргендері үшін балалар қалалық маслихат пен Нұр Отан партиясына алғыстарын білдірді.
Юлия Вячеславовнамен кездесу жақсы жағдайда өтті және қатысушылардың жүрегінде ертеңгі күнге деген сенім қалдырды деп ойлаймыз.