2016 жылғы 6 шілдеде "Дарын" оқу-сауықтыру базасында екінші ауысымның ашылу салтанаты өтті. Оған облысымыздың 200 астам оқушысы қатысты.
Ауысымның ашылуы Астана күнімен сәйкес келді. Астана елорда болғалы әртүрлі халықтарды, мемлекеттерді, діндерді, конфессияларды біріктіретін, халықаралық форумдардарды, съездердерді, симпозиумдар мен кездесулердің өткізетін орталыққа айналды. Сондықтан да осы ауысым «Достық толқынында» деп аталады.
"Дарын" орталығының директоры Ж.Ж. Айтпаева және барлық педагогикалық ұжым демалушы балаларды және лагерь қызметкерлерін ауысымның салтанатты ашылуында мейраммен құттықтады.
Ауысымның ашылу аясында педагогикалық отрядтың презентациясы көрсетіліп, онда балалар өз тәрбиешілері мен тәлімгерлерінің би, музыка, актерлік шеберлік іскерлігіне тәнті болды.
Іс-шара концерттік бағдарламалар мен барлық демалушы балалар қатысқан ойын-сауықтармен жалғасын тапты. Шара соңынан балаларға арналған би кеші болды.
Екінші ауысымда балаларды көптеген қызықты да әсерлі шаралар: «Робототехника», «Асыл мұра», «Хрустальная нота», «Радуга» хореография студиясы, «Зерде», «Маска» актерлік шеберлік студиясы, «Арт-студия» және т.б. спорттық жарыстар мен үйірмелер күтуде.