+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Дарынды балаларға арналған ғажайып арал
15 Ақп, 08:14

2016 жылдың 14-16 маусымында Таулы Үлбіде  облыстың дарынды балалар кездесуі өткізілді.  

Шараны ұйымдастырушылар – Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы.

Кездесуге облыстың 200-ге жуық оқушысы – республикалық және халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен шығармашылық байқаулардың, спорттық жарыстардың жүлдегерлері, сондай-ақ бірнеше жүлдегерлер мен жеңімпаздарды даярлаған шығармашыл ұстаздар қатысты.

Кездесу барысында «Казатомпром» ұлттық атом компаниясы АҚ мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі арасындағы әлеуметтік ынтымақтастық аясындағы меморандум негізінде «Үлбі металлургия зауыты» АҚ А. Матросов атындағы балалар сауықтыру лагерін облыстық білім басқармасына салтанатты табыс ету рәсімі өткізілді.   

ШҚ ӨҒПО «Дарын» оқыту-сауықтыру базасының ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Ж. Омар, «ҮМЗ» АҚ тұлғалармен жұмыс бойынша директоры Е.Э. Денисова, «ҮМЗ» АҚ корпоративті басқару бойынша директоры А.В.Ковалев қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.  

Кездесу аясында дарынды оқушылар мен олардың ұстаздарына алғыс хаттар мен грамоталар табыс етілді.

2015-2016 оқу жылының қорытындысы бойынша «Жылдың үздік оқушысы» номинациясына Семей қазақ-түрік лицейінің түлегі, химия пәнінен республикалық оқушылар олимпиадасының бірнеше мәрте жеңімпазы, Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының мүшесі, Халықаралық Менделеев олимпиадасының екі дүркін жүлдегері, химиядан 47-Халықаралық олимпиаданың күміс жүлдегері, Бектұров атындағы халықаралық олимпиаданың екі дүркін абсалютті жеңімпазы, «Үздік теоретик» номинациясының иегері – Смағулов Азамат ие болды. Ол облыс әкімінің дипломымен, кубокпен, естелік сыйлықпен марапатталды.   

 Кездесуге өткен жылдардың жүлдегерлері – мектеп түлектері қатысты.

Шара аясында «Әлемді өзгертетін идеялар» деген тақырыпта ТЕD-конференция өткізілді. ТЕD-конференцияның қонақтары мен қатысушылар:

- ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар;

HiPO.kz негізін қалаушы, Barclays (Ұлыбритания) банк тобында жұмыс атқарып, екі миллион доллар кіріс табысын оба ауруын зерттеуге аударған Асхат Мурзабаев;

- «Жыл жаңалығы» номинациясында ЕМА-2014 және «Алтын микрофон» музыкалық сыйлықтарын жеңіп алған жас әнші Серік Ибрагимов;

- Шығыс Қазақстан өңірінің тумасы, дарынды, шығармашыл, қазақ эстрадасының жас әншісі Санда.

Конференция барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қонақтармен тікелей сұқбат кезінде қойды.

Балалар үшін ерекше есте қаларлықтай болған 15 маусымда өткен түлектер балы болды. Олардың мектеп вальсін орындауы айрықша тебіреніске толы болды.   

Қатысушылар өз әсерлерімен бөлісе келе, көрсетілген қолдау мен жасалған жағдайлар үшін алғыс айтып, артылған үмітті ақтауға тырысатындарын білдірді.