+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Дарынмен» бірге жазғы демалысқа старт
22 Мау, 04:29

2017 жылдың 16 маусымынан бастап «Дарын» базасында «Әлемді мейіріммен ашамыз» атты бірінші жазғы ауысым басталды.Облысымыздың 250 талантты, белсенді балаларын жарқыраған күн сәулесі мен таудың таза ауасы, көтеріңкі көңіл-күй мен қызықты да қанықты бағдарлама күтуде. 

Ауысым мақсаты балалардың ұмытылмас демалысы мен сауығуын жан-жақты дамытуға жағдай жасау болып табылады.

Балалар үшін роботты техника, «Мен - инженер», «Интеллектум», химия және физика, бейнелеу өнері, хореография, вокалдық және актерлік шеберлік студиялары, спорттық секциялар жұмыс істейді. Әр күні балалардың қатысуымен қызықты оқиғалар болып жатады, олар шараларға, спорттық жарыстарға, түрлі конкурстар мен сахналық қойылымдарға белсене қатысады. Балалар бойындағы шығармашылық таланттар ашылады, әр балаға өзін тұлға ретінде танытуға мүмкіндік беріледі.

Әр күннің соңындағы армандаған тілек оты дәстүрлі шараға айналды. Сірә, көп балалардың тілегі осында қайта келу болар.

Бейне және фототүсірілімге түскен естелік сәттер мәңгіге балалар есінде қалады.