Осы оқу жылынан бастап «Дарындыдан - талаптыға» атты жаңа интеллектуалдық акция бастау алды, ұйымдастырушылары - Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы.
Акцияның мақсаты: облыс оқушыларының интеллектуалдық қабілетін дамыту, оларды жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық деңгейдегі интеллектуалды олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жарыстарына дайындау.
Акцияның ерекшелігі – халықаралық интеллектуалдық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың бірнеше рет жүлдегері болған мектеп түлектері, қазіргі уақытта Қазақстан мен шет елдердің жоғарғы оқу орындарының студенттері өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісіп, кеңес беруі.
«Дарындыдан - талаптыға» атты акция аясында бірінші сабақты Бразилиядағы ғылыми жоба олимпиадасының, Молдовадағы математикадан Балқан халықаралық олимпиадасының, Тынық мұхит халықаралық олимпиадасының қола медаль; Тайвандағы халықаралық ғылыми жоба олимпиадасының, математикадан халықаралық Жәутіков олимпиадасының күміс медаль; Алматы қаласындағы «Жібек жолы» математикалық халықаралық олимпиадасының алтын медаль иегері, республикалық ғылыми жарыстардың және математикадан оқушылардың олимпиадасының жүлдегері, орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатының иегері Қанапин Нұрлан; математикадан оқушылардың республикалық және облыстық олимпиадаларының жүлдегері Степаненко Илья жүргізді.

